Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуат Борашев неліктен әліпбидің соңғы нұсқасы қабылданғанын түсіндірді

Қуат Борашев неліктен әліпбидің соңғы нұсқасы қабылданғанын түсіндірді

Бүгін жарияланған жаңа редакция бойынша латын графикасындағы қазақ әліпбиінде апострафтар алынып тасталып бірнеше әріп диграф арқылы жазылатын болды. Үкімет отырысынан кейін жаңа латын әліпбиінің нұсқасына қатысты сұрақтарға ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Борашев жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бұл мәселеге қатысты соңғы үш ай көлемінде ғалым-лингвистер тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді. Алдыңғы нұсқадағы кейбір техникалық, лингвистикалық жалпы орфографиялық мәселелердің барлығы зерделенді. Соның незігінде ғалым-лингвистер акоп белігісі арқылы жоғары шығару жөнінде қазақ тіліне негізделген латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды. Бұл мәселе ұлттық комиссия деңгейінде талқыланды», - деді ол Үкімет отырысынан кейін.
Сонымен қатар, комитет төрағасы неліктен латын әліпбиінің соңғы нұсқасы қабылданғанын журналистерге былай түсіндірді.
«Әріптердің апострофпен жазылуына байланысты көптеген техникалық проблема болды. Ол халықаралық банк жүйесінде ертең қабылданбай қалуы мүмкін еді. Болмаса, қазақ сөздерін интернеттен іздеу кезінде сөздердің аралары бөлініп, бір сөз екі түрлі болып кетер еді.
Тиісті жұмыстардың нәтижесінде ғалымдар апострофты әріптің үстіне шығарды. Бұл сөздерді жазуға және оқуға ыңғайлы. Соңғы нұсқаны жасауға Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы және Ұлттық комиссия құрамындағы лингвист ғалымдар көмектесті», - деді Қуат Борашев.
Алайда Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы журналистердің сұрағына толық жауап бере алған жоқ.
«Мен - шенеунікпін. Ал сіздердің сұрақтарыңызға лингвист ғалымдар жауап беруі керек», - деді ол.
Дәурен ЕРБОЛАТ Baq.kz

20 ақпан 2018 ж. 1 430 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 81

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 141

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031