Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылы еліміздің бірқатар жолында ақы алу жүйесі енгізіледі

2021 жылы еліміздің бірқатар жолында ақы алу жүйесі енгізіледі

2021 жылдың наурызынан бастап елімізде бірқатар автомобиль жолына ақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы жолдарда ақы алу жүйесін енгізу бойынша инвестициялық конкурс өткізген едік. Аталған конкурста Computer Vision Technologies компаниясы жеңіп шықты. Ол жерде бірлескен консорциум болды. Яғни, тайвандық компания кеңесшілік етті. Олар 11 мың шақырым жолда ақы алу жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Жыл соңына дейін 13 учаскедегі ақылы жолдардың ұзындығы 5,8 мың шақырымға дейін жетеді», - деді ол бүгін елордада БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.
Оның атап өтуінше, ақы алу жүйесі енгізілетін жолдарда қажетті құрылғыларды орнату-монтаждау жұмыстары аяқталды. Кейбір учаскеде жүйе ілкі режимде жұмыс істеп тұр. «Яғни, наурыз-сәуірде ақша жинау басталады. Ондағы негізгі міндет - қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бізде жолды күтіп ұстауға ақшаның жетіспеушілігі үлкен проблемаға айналған. Осы қаржы жетіспеушілігін ақы алу жүйесін енгізу арқылы қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жалпы әлемдік тәжірибе саналады», - деді Ұлан Әліпов.
Айта кетейік, 2021 жылы «Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынборға)», «Орал – РФ шекарасы (Саратовқа)», «Орал – РФ шекарасы (Самараға)». «Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы», «Тараз – Қайнар», «Қостанай – РФ (Троицкіге)», «Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға), «Қапшағай – Талдықорған», «Нұр-Сұлтан – Қостанай», «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Павлодар – Семей», «Орал – Ақтөбе», «Ақтөбе – Қарабұтақ» жолдарында ақы алу жүйесі енгізіледі.

14 желтоқсан 2020 ж. 1 812 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930