Қазақ тіліндегі тұңғыш онлайн-диктант: қатысып, смартфон ұтып ал
Алғашқы онлайн-диктант Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 15 желтоқсанда өтеді.
Бұл қандай жоба?
Онлайн-диктант – сіз білетін бұрынғы диктанттың түрленген нұсқасы. Ескі ережелерге жаңа мүмкіндіктер қосылды. Бұл диктантты жазу үшін интернетіңіздің болғаны жеткілікті
Диктант мәтінін журналист Ерқанат Көпжасар, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, қазақ тілінің ұстазы Владислав Тен оқиды.
Диктантқа қатысудың мақсаты қандай?
Сіз өзіңіздің жазу сауаттылығыңызды тексеріп, қай жерде қате жіберетініңізді білгіңіз келеді;
Сіз қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мәселесіне жіті көңіл бөлгіңіз келеді; Сіз қазақ тілінің ертеңі үшін алаңдайсыз. Жазба жұмысының барлық қатысушылары атаулы сертификаттарға ие болады.
Ал ең үздіктердің арасында су жаңа бес Huawei P40 Lite смартфоны ойнатылады. Бізді қолдағандар: Huawei компаниясы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары мен Алматы облысының әкімдіктері, Алматы метрополитені, "Алматы", "Еуразия", "Қазақстан" арналары.