Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан жастарының жайы қалай?

Аудан жастарының жайы қалай?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, волонтерлықтың «Білім», «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл Мұра», «Қамқор», «Үміт» сынды 7 бағыты бойынша тапсырма берді. Осыған қатысты өткен аптада «Қазалы ауданы ішкі саясат бөлімі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауылдық округ әкімдері және аудан жастарының қатысуымен жиын өтті.

Кешті аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев ашып, басқосудың негізгі себептерін айтты. Келесі сөз жалғаған Жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев «еріктілер жылы» аясында қала, кент және ауылдық округтегі жастардың белсенділігі жайында баяндама жасады.
– Жыл басынан бері еріктілер күшімен Әйтеке би кентінде атқарылған жұмыстар ауқымды. Оның барлығын әлеуметтік желіде бұқарамен бөлісіп отырдық. Ал Қазалы қаласы, Алға, Майлыбас, Аранды, Өркендеу, Көларық, Сарбұлақ, Шәкен, Бірлік, Ақжона, Бозкөл, Тасарық, Майдакөл, Басықара, Құмжиек, Сарыкөл ауылдық округтері өздерінің мәдени көпшілік іс-шараларын ғана анықтамаға енгізіп, волонтерлықтың 7 бағыты бойынша тиісті жұмыс жүргізілмеген, – деді Асылхан Жұмабекұлы.
Баяндама барысында аталған ауылдық округтердің жұмыстары туралы көрсеткіш көз алдымызға шықты. Мұнымен «ауылдық округ әкімдері Президент берген пәрменге немқұрайлы қарады» деп айта алмаймыз. Өйткені жыл басынан бері ауылдарда жасаған істер, легін әлеуметтік желіден бақылап отырдық. Олар тек көрсетілген 7 бағыт бойынша толыққанды анықтама жүргізуді ұмыт қалдырған. Қалай десек те берілген тапсырма өз деңгейінде жүрмеген.
Жасыратыны жоқ, жиында өздерінің атқарған жұмыстарын алға тартып, оның ескерілмей қалғанын айтқан ауыл әкімдері болды. Бірақ Жастар ресурстық орталығының директоры барлығын жік-жіктеп түсіндіріп, неліктен ондай көрсеткіш байқалғандығын ашып айтты.
Басқосуда Асылхан Дәрібаев Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы жанынан «Еріктілер мен волонтерлік» ұйымдарының жұмысын үйлестіру бағытында «Birgemiz» волонтерлық «фронт-офис» жұмысы талқыланды.
Сонымен қатар басқосуға келген қатысушылар тарапынан түрлі сұрақ қойылып, әртүрлі пікір айтылды. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Әлиби Берікұлы ауылдық округ әкімдеріне Мемлекет басшысы берген тапсырманың ендігі жерде жауапсыз қалмауын тапсырды.
***
Араға күн салып Жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаевпен аудан әкімдігінде қайта жолықтық. Яғни ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты кезекті Жолдауына орай әкімдіктің баспасөз орталығында брифинг өткізді. Онда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстарды сапалы орындау мақсатында және ауданда мемлекеттік жастар саясатының жүргізілуі туралы атқарылып жатқан жұмыс жайын айтқан ол, әлеуметтік салаға қатысты ұлттың жаңа болмысын қалыптастырудың өзектілігіне тоқталып, жастарға қатысты негізгі бағыттарды тілге тиек етті. Яғни терең білімді ұрпақ тәрбиелеу және жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу.
Қазіргі статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан халқының 23 проценті, яғни 17 791-ын жастар құрап отыр. Мұнда ауыл жастары – 17 028, қала жастары – 763. Ал аудан орталығындағы орта арнаулы оқу орындарында 1501 студент білім алуда. Мұнан бөлек 14 пен 28 жас аралығындағы оқушы саны 14551-ді құрайды. Оның ішінде экономикалық белсендісі – 962 болса, белсенді емесі – 112 болып отыр.
– Ауданда бүгінге дейін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен барлығы 160 шара өткізілді. Нақтыласам, «Жас құрылысшы» еңбек жасағының бағыты бойынша ауданда жүріп жатқан құрылыс нысандарында барлығы 60 жас жұмыспен қамтылды. Ал «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданда 29 жасқа дейінгі жас отбасыға – 21 үйдің кілті табысталды. Сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 8 отбасыға баспана берілсе, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 81 жас баспаналы болды. Мұнан өзге «Харекет» қайырымдылық қоры және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 3 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды – дейді басшы.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, аудандағы жастар карантин уақытында қол қусырып қарап отырмады. Оған дәлел 203 отбасыға күнделікті тұтынылатын азық-түлік үйлестірілгені. Бұған Самұрат Жұманұлы демеушілік жасап 1 миллион теңге берсе, «Қазалы Игілік» қоры 1 миллион және Жұмабек Айдарбекұлының бастамасымен «Боксерлар клубы» 30 мың теңге қаражат құйған. Яғни барлығы 2 миллион 30 мың теңгеге көмек жәшігі ұйымдастырылған.
Биыл елдегі ахуалға байланысты карантин талаптарын күшейте отырып, мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшті. Бұл сәтте де ерікті жастардың ұйымдастыруымен көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасыға 1 планшет, 2 роутер пайдалануға берілген. Сонымен қатар «Жылу сыйла жандарға» ациясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 4 қыстық отын жеткізілген. Оның екеуі Әйтеке би кентінен болса, қалғаны Қазалы қаласының тұрғыны. Аз десеңіз, көгілдір отын яғни газ жүйесіне қосылмаған 30 отбасының үйіне мұржа тазалау жұмысы басталған. Қазірдің өзінде оның 19 отбасының жұмыстары толығымен аяқталды.
Әлеуметтік желіде «Рахмет» дүкенінің лентасы кесілгенін көрдік. Мақсаты – әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларды киім-кешек және тұрмысқа қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету. Онда қазірге дейін Әйтеке би кентінен – 45, Құмжиек және Арықбалық ауылдық округтерінен – 17 отбасы киіммен толық қамтамасыз етілген. Мұның өзі жастардың бастамасымен қолдау тапқан жоба.
Брифинг соңында Жастар ресурстық орталығы директоры Асылхан Дәрібаев Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын маңызды міндеттерді жүзеге асыруға жан-жақты атсалысатынын жеткізді.
А.БАҚЫТҰЛЫ
24 қараша 2020 ж. 455 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930