Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Еуразиялық банк» АҚ-ның өкілдері Қазалы ауданында болды

«Еуразиялық банк» АҚ-ның өкілдері Қазалы ауданында болды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Еуразиялық Банк» АҚ-ның Қызылорда филиалынан арнайы өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алу жолдары бойынша жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры және аудан кәсіпкерлері қатысты.

Жиын барысында банк өкілдері кәсіпкерлерге «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында несие алу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, аудан орталығынан «Еуразиялық Банктің» қызмет көрсету орталығы жұмыс жасап жатқандығын хабарлап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жиын соңында аудан кәсіпкерлері мен аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Е.Аймаханов өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов қорытындылап, қонақтарға өз ризашылығын жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
05 шілде 2019 ж. 1 181 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031