Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қашықтан сот отырыстарын өткізу

Қашықтан сот отырыстарын өткізу

Мемлекеттегі сот жүйесін дамыту бойынша айқындалған жеті басым бағыттың бірі – болып табылатын «Е-Сот» жобасы шеңберінде іске қосылған «Виртуалды сот» пилоттық жобасы жоғары мобильдік және инновациялық технологиялық қамтудың бір тәсілі болып табылады.
Биыл елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Қазалы аудандық сотында тағайындалған істер аталған пилоттық жоба шеңберінде мобильдік қосымша арқылы қашықтан қаралуда.
Ұялы бейне байланыстың артықшылықтарының бірі – тараптар арнайы бағдарлама қосымшасын жүктеу арқылы сотқа қашықтан қатыса алады және істі қарау барысында қолжетімді, жедел әрі ыңғайлы болып табылды.
Әрине жасыратыны жоқ қашықтан сот отырыстарын өткізу барысында «TrueConf» сервисінде байланыстың жоғалуы, бейненің бұлыңғырлануы, дауыс ырғағының кідіруі сынды іркілістер болып тұрады.
Бұл ретте IT-мамандардың түсіндірмесіне сүйенсек, қашықтан сот отырыстарын өткізудің сапасы жақсаруы үшін азаматтардың гаджеттің 4G технологиясын қолдауы, wi-fi жылдамдығы кемінде 8 мб/с болуы, қашықтан сот отырысына қатысу кезінде сапалы шағын гарнитураны (құлаққаптар және микрофон) пайдалану сияқты жайттар ескерілуі керек.
Қазіргі күні сот процестерін қосымша уақыт пен қаражат шығындамай-ақ қашықтан бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу қалыпты жағдайға айналды.
Бүгінгідей күрделі эпидемиологиялық жағдайда сот отырыстарын онлайн форматта өткізу халық денсаулығына нұқсан келтірмеуде ең оңтайлы шешім болды. “Денсаулық – басты байлық” демекші қашықтан сот отырысына қатысу сырқаттанудан сақтайтын қауіпсіздіктің кепілі болып табылады.
Ақылбек ҚАЗЫБЕКОВ,
Қазалы аудандық сотының бас маман-сот мәжілінісің хатшысы
12 қараша 2020 ж. 433 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031