Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келтірілген залалдың орнын толтыруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Келтірілген залалдың орнын толтыруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігімен айыпталған Н.,Ж. және А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда, сотталушылар Ж.-ның басқаруындағы «Opel Frontera» маркалы автокөлігімен түнгі мезгілде заңсыз қоян аулаған. Сотталушылар полиция қызметкерлеріне ұсталып, автокөлікті тексеру кезінде, оның ішінен 10 дана өлі қоянның денесі, аңшы мылтығы және жарық түсіргіш прожектор табылып, айғақ зат ретінде алынған. Сотталушылар осы іс-әрекетімен мемлекетке 180 375 теңге көлемінде залал келтірген.

Істі қарау барысында сотталушылар мемлекетке келтірген зиянды толығымен өтеп, жасаған әрекеттеріне шынайы өкінетіндерін көрсетті.

ҚР ҚК-нің 68-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірілген жағдайларда, осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам, егер ол шынайы өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Сот қаулысымен сотталушыларға қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 68-бабының 3-бөлігіне сәйкес тоқтатылды.

Іс бойынша заттай дәлелдемелер автокөлік пен аңшы мылтығы қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде тәркіленіп, оқ-дәрілер мен прожектор жойылды.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
23 қаңтар 2019 ж. 1 057 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031