Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлестік өкілдері бас қосты

Бірлестік өкілдері бас қосты

Сенбі күні аудандық кітапхана жанындағы Coworking орталығында аудандық ішкі саясат бөлімі, «Сауал» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қазалыдағы үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен семинар-тренинг өтті.
Жиынға аудандық әйелдер кеңесінің» төрайымы Роза Асанова, «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығының басшысы Шынаркүл Жеңсікбаева, «Өнеге» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жәнібек Жұбатқан, аудандық орталық кітапхана басшысы Индира Назарова және басқа да қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.
Кездесуге арқау болған тақырып қоғамдық бірлестіктердің ел алдындағы мақсаты мен міндеті жөнінде болды. Семинарды жүргізген қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Сабыржан Кеңшілік: «Үкіметтік емес ұйымдар бір мүддеде жұмыс атқарғысы келетін, өз ортасын жақсы өзгерістерге бастап тұратын белсенділер тобы. Ол топтар өз ішінде бағыты мен жұмысына байланысты бөлінеді. Бүгінгі семинарда біз сіздермен бірге қоғамдық ұйымдар қалай жұмыс жасау керектігін, бірлестік құрамының құрылуы, айналысатын жобаларын айқындау жөнінде пікір алмасатын боламыз», – деді.
Семинар барысында қатысушылар Whatsapp желісі арқылы топтасып, түрлі тапсырма орындады. Екі топқа бөлінген қатысушыларға модератор ситуациялық сұрақ қойып отырды.
– Бүгінгі семинардан алған әсер көп. Осы саламен жұмысты жан-жақты зерттеп жүрген адаммен тәжірбие алмасу қатысушылар үшін пайдалы. Облыс көлемінде жасалып жатқан жаңалықтар үлгіге алынып, жаңа мәліметке қанық болдық, – деген Роза Асанова ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шара соңында жақында үкіметтік емес ұйымдар арасында өткен «Әлеуметтік жобалар – 2020» байқауында номинацияға ие болған бірқатар бірлестік мүшелеріне аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешовтің Алғыс хаты мен бағалы сыйлығы ­табысталды.
А.ҚАЛДЫБАЙ
21 қазан 2020 ж. 798 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031