Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық бірлестіктер басқосуы

Қоғамдық бірлестіктер басқосуы

Ел дамуында үкіметтік емес ұйымдардың рөлі қашанда жоғары. Оның жұмысын жандандыру, қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру арқылы қоғам ішіндегі мәдени, спорттық шаралар мен жиындардың ісіне жаңаша леп беруге болады. Сондықтан үкімет үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды арттырып, оларға жан-жақты қолдау білдіруде аянып қалған емес. Осы орайда жақында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жергілікті қоғамдық ұйым басшыларымен еркін форматта кездесу өткізіп, жетекшілердің пікірін тыңдады.

Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларды ілгерілету жайы талқыланды. Бұл тұста аудан басшысы мемлекеттің ел игілігі үшін қабылдаған жаңа бағдарламалары мен тиімді ­бастамаларын іске асыруда аянбай тер төгіп жүрген қоғамдық ұйымдардың маңызы өте зор екенін атап өтті.
Бұдан бөлек бір ауданда жұмыс істеп жатқан көптеген белсенді ұйымдар бір-бірімен тәжірибе алмасып, қоғамдық қозғалысты дамытудағы пайдаланылған озық тәсілдерімен бөлісті. Аудан идеологиясын дамытуда, экономикасын ілгерілетуде жұдырықтай жұмылу керектігі айтылды. Мәселен, «Білім беру ұйымдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Қуанышбаев пандемия кезінде оқушыларға білім беру бағытында ой-пікірімен бөліссе, «Өнегелі» қоғамдық қорының төрағасы М.Дүйсен, «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Әшір және «Ұрпақтан-ұрпаққа» облыстық қоғамдық бірлестігінің Қазалы аудандық филиалы директоры Б.Кашимов өз қазанында қайнап жатқан саланың жетістігі мен өзекті мәселелері жайында әңгіме қозғады. Жыл бойы атқарған жұмыстары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ алдағы уақытта ауданда өткізілетін шараларға белсене атсалысатын болып келісті.
Еркін жиында айтылған қоғамдағы түйіткілді мәселелерге қаныққан аудан әкімі үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері тарапынан азаматтық сектордың қызметін жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстарын күнделігіне түртіп алды. Айта кетейік, бүгінде Қазалы ауданы бойынша 48 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 19 ұйым тұрақты түрде белсенді жұмыс жасап келеді.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

15 қыркүйек 2020 ж. 1 078 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031