Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орынды ұсыныстың орындалғаны дұрыс

Орынды ұсыныстың орындалғаны дұрыс

Аудандық «Қазалы» газетінің 08.08.2020 жылғы №60 санында жарияланған «Арықбалық шаһитдерін» ардақтау мәселесі алаңдатады» деген жерлес жазушы Молдахмет Қаназдың мақаласын оқып риза болдым.

Молдахмет Қаназдың Жанқожа батырдың ұрпағы екенін білемін, батыр баба туралы еңбектерімен таныспын. Әйтеке би кентіндегі Баба кесенесін салуды аудандық газетте мәселе етіп көтеріп, бастамашылардың бірі болғанынан да хабарым бар.
Демек ол тектен тек мазасызданбаса керек. Шындығында қолға алынған шара өте күрделі. Аудан әкімі ғана емес аймақ азаматтары, шаһидтердің ұрпақтары да көңіл бөлетін күрделі шара.
Жеңіл-желпі қарау олардың ар-намысы мен арманына қиянат болар еді. Ескеру барда оны өшпестей етіп есте қалдыру бар. Автор айтқандай алғашқы жобадай етіп жасай салу ойға қонбайтындай.
Біріншіден, жобадағы он тақтадағы атаулар Жанқожа батырдың өміріне ғана арналғаны байқалады. Автордың меңзеуінше, жобаны жасаушылар «Халқының туған бағына, батыр баба Жанқожа» атты эскиз жобада негізгі мақсат – «Арық балық шаһидтерін» ардақтау екенін ескермеген сияқты.
Автордың тұжырымдауы өте орынды. Ол эскиз-жоба авторы «...әйтеуір Жанқожа дәріптеле берсе болды» деген шектен шыға алмай қалған.
Екіншіден, қанша жанның қаны төгілген ұлы шайқастың мәні мен мағынасын өсіп келе жатқан ұрпақ есінде сақтап қалатындай әсер бере алмасы сөзсіз. Бүгінгі ұрпақтың талғамы, пайымдауы, көргенін зерделеуі өте жоғары. Компьютерді айтпағанның өзінде қалта телефоннан-ақ талай ескерткіштерді көріп отырған ұрпаққа ол жоба «жетім қыздың жасауындай» болып көрінуі әбден мүмкін.
Автор мақаласында аудан әкімінің назарына дей отырып «...сіздердің қаперлеріңізде болуы үшін оқиғаның көркемдік идеясын ашады-ау деген жоба түзіп, ұсынып отырмыз. Бұл мемориалдың орталық төріне орналасатын ансамбльдің негізгі нобайы. Қазақтың қара үйінің керегесі іспетті екі қалқан. Керегенің биігі ақ түсті тас, шамамен биіктігі – 7, ені – 4 метр, бұл бұқараның ақ пейілі. Биік болатыны түптің-түбі жеңіске жететін осы ақ кереге. Қарадан үстем. Екінші кереге аласа. Шамамен биіктігі –5, ені – 3 метр. Бұл түгелдей қара мрамордан қапталады. Қара ниетті дұшпанның символы. Ортада қираған кереге, төңкерілген шаңырақ, уық, белінен омырылған бесік Бұлар – Отан, қазақтың қара шаңырығы. Екі кереге де ортаға шамамен 30 ­градустай көлбей төніп тұр. Бірі – атажұртты қорғамақ, екіншісі – оны иемденіп, таптамақ.
Мемориалға алып баратын баспалдақ жетеу. Қазақта жеті қасиетті сан. Бұл көтерісшілердің пейілі. Баспалдақ ақ түстен басталып, ақ пен қара кезектесіп, ақ түспен аяқталады.
Баспалдақпен көтерілген адамның алдынан атылғалы тұрған мыс жолбарыс шығады. Жолбарыс – басым жауға қарсы шыққан көтерілісшілердің жүректері. Отанды қорғау. Оның жалғыз болатын бір себебі – Жанқожа жалғыздық тауқыметін барынша тартқан батыр. Дұшпандары шашынан көп. Оның үстіне қарт батыр жалғыз үйде отырғанда сатқындықпен өлтірілген», – деп өзінің жобасын ұсынады.
Осы жоба көңілге қонады. Мүмкін мамандар, комиссия мүшелерінің алып-қосары болатын шығар. Жалпы шаһидтердің не үшін күресіп, қан төккенін көз алдыңа келтіретін, мазмұнды тастан қашалған мемориал болатыны сөзсіз. Әрине оңай шаруа емес. Қиындықсыз оңды шаруа біте ме?!
Бұлар тек айтылған сөз, жазылған жай мақала болып қалмаса екен. Негізі үкімет қолдауы керек-ақ. Ал мүмкіндігі бар азаматтар демеушілік жасап, қозғау салып жатса артық болмас. Көп болып қолдайық ағайын. Атсалысайық, қозғау салайық, қадағалайық. Қолға алушыға жылы сөзіміз, риясыз көңілімен дем берейік. Әсіресе аудан ардагерлері, көбіміз сол шаһидтердің ұрпағының соңғы тұяқтары болуымыз да мүмкін. Бостандықты аңсаған әкелер мен аталардың құрбан болған «Арықбалық шайқасы», онда төгілген қан мен азапталған жандардың ар-намысы, аяқ асты болмай, ескерусіз қалмай айбынды мемориал-ескерткіш болуына тілейікші болайық.
Молдабай АҚНИЯЗОВ,
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері,
ардагер ұстаз
06 қазан 2020 ж. 803 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930