Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 5 қазаннан бастап қандай шектеулер енгізіледі?

Қазақстанда 5 қазаннан бастап қандай шектеулер енгізіледі?

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясына байланысты 5 қазаннан бастап енгізілетін жаңа шектеулер туралы айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

– Инфекцияның алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді қабылдады:
Басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтата тұру; Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу;
Түркияға рейстер санын азайту.
Екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға мынадай талаптар қойылады:
термометрмен өлшеу; анкета толтыру; коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама (оның алынғанына үш күннен аспау керек).
Анықтама қағазы болмаған жағдайда азамат карантин стационарына екі күнге жатқызылады және COVID-19 анықтайтын лабораториялық талдау жасалады. Нәтижесі шыққан соң, жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға жатқызылады, – деді министр Цой. Айта кетейік, ІІ санаттағы елдер қатарына: Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Мажарстан, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан елдері енгізілді.


03 қазан 2020 ж. 481 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930