Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда екі білім беру платформасы біріктіріледі

Қазақстанда екі білім беру платформасы біріктіріледі

Алдағы уақытта бір парольмен "Күнделікке" де, Daryn.online платформасына да кіруге болады. Бұл жұмысты жеңілдетеді. Келесі айда "Күнделік" пен Daryn.online платформасы біріктіріледі. Бұл туралы Daryn.online-ның өкілі Ержан Оңалбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде Daryn.online мен "Күнделікті" біріктіріп жатыр. Интеграция болады. Қазан айында аяқталады деп отырмыз. Бұл дегеніміз, бір парольмен "Күнделікке" де, Daryn.online платформасына да кіруге болады", - деді Оңалбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі кезде бір мектепте 4-5 білім беру платформасы қолданылып жатады. Содан әрбір оқушы мен мұғалімге 4-5 логин мен пароль жаттап жүруге тура келеді. Ал екі платформаны біріктіргеннен кейін жұмыс жеңілдей түседі. "Сосын Daryn.online-да тест жасауға болады. Ал тестің нәтижесі "Күнделікке" шығып тұрады", - деп атап өтті Оңалбаев.
Ал брифингке бейнебайланыс арқылы қатысқан "Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов дәстүрлі білімге көшуге қатысты пікір білдірді.
"Карантинге қатысты жағдай реттеледі деп сенемін. Сөйтіп, екінші тоқсанда өзіміз үйренген білім беру арнасына оралатын шығармыз. Негізі бейнебайланыс білім беруге жатпайды. Бұл қосымша құрал ғана. Ал мектепте "тет-а-тет" қарым-қатынас, яғни педагогтың балалармен тікелей қарым-қатынаста болғаны маңызды", - дейді Ілиясов.
Оның ойынша, дәстүрлі білім беруге көшкеннен кейін кейбір жағдайларда қашықтан оқыту форматын қолдана береді. "Дегенмен, нағыз сапалы білім онлайн емес, ол – офлайн білім", - деп түйіндеді Ілиясов.

17 қыркүйек 2020 ж. 630 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930