Жастардың жақсылығы

Яғни қытымыр қыс мезгілінде тұрғындар пеш мұржасынан ақау шығып, әбігерленбесе екен деген ниетте.
– Бұл акция еріктілер жылы аясында қолға алынды. Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып жұмыс жасаудамыз. Қазір тұрғындарды тіркедік. Енді негізгі жұмысымыз – мұржа тазалауды бастаймыз. Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тілегін орындауды мақсат еттік, – дейді жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Ағжан Алмат.
Қазір орталыққа жеті тұрғыннан өтініш түскен. Тазалау жұмыстарын арнайы мамандар мен ерікті жастардан құрылған топ жүргізеді. Акция алдағы уақытта да жалғасын табатындықтан жастар кент тұрғындарын қамтамасыз етіп болған соң Қазалы қаласы халқының да мұң-мұқтажын өтеуге әзір екендіктерін жеткізді.
Ал мамандар пеш пен мұржаны жылу маусымы басталар алдында және де әр үш айда бiр тазалап отыру керектігін айтады. Олар көптеген тұрғындар пеш жағу тәртiбін сақтамайды деп дабыл қағады. Осы ретте жанып жатқан пештi қараусыз қалдыруға және де кәмелет жасқа толмаған балаларға тастап кетуге, отынды, басқа да жанғыш заттарды пеш үстiнде және пеш алдындағы темiрде қалдыруға, пештi тұтандырарда бензин, керосин, дизел отынын, тез жанғыш заттар мен сұйықтарды қолдануға, үйдiң ауа кiру, газ жүру каналдарын пеш мұржасы ретiнде қодануға, пештi тым қыздырып жiберуге болмайтындығын айрықша атап кеткенді жөн көрді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА