Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Қазалыда күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Кеше Қазалы ауданы әкімінің аппараты мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шақыру пунктінде жиналыс өтті. Басқосуға қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен осы салаға жауапты қызметкерлер қатысты.
Алдағы уақытта Отан алдындағы борышын өтеуді қасиетті парызым деп білетін, моральдық және психологиялық тұрғыдан мықты, физикалық жағынан мығым азаматтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жөнелтілетін болады. Ол үшін бірінші кезекте ҚР ҰҚК Шекара қызметіне іріктеу жұмыстарын сапалы өткізу қажеттігі туралы мәселелер талқыланды.
Жиналыста әскерге шақыру жұмысымен айналысатын жауапты мамандарға өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.
Айта кетейік, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша ауданымыздың 89 азаматы Отан алдындағы қасиетті парызын ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ҚМ, ҚР ІІМ әскери бөлімдерінде өтеуде.
"Қазалы" ақпарат
03 қыркүйек 2020 ж. 946 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031