Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғ.Мұратбаев ауылындағы жолдардың сапасы стандартқа сай келеді

Ғ.Мұратбаев ауылындағы жолдардың сапасы стандартқа сай келеді

Биыл аудан орталығына іргелес орналасқан Ғ.Мұратбаев ауылында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 4 жоба қолға алынды.
Жоба аясында ауылға көгілдір отын тартылып жатыр. Сондай-ақ, «Ақарық» каналының арнасы тазаланып, «Балдәурен» балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша 7 көшенің тозығы жеткен аяқ су трубалары ауыстырылып, асфальт төселді.
Мемлекеттің қаржысына атқарылған жұмыстардың барлығы сапалы болуы тиіс. Сондықтан «Стандарт Строй Сервис» ЖШС-ның зертхана қызметкерлері Ғ.Мұратбаев ауылындағы Абай, Ғ.Мұратбаев, Т.Әубәкіров, К.Іскендіров, Батыс, Жеңістің 40 жылдығы және О.Жарылқасынов көшелеріне төселген асфальтті-бетон жамылғысының сапасы мен талапқа сай болуын тексерді.
Лабораториялық тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес ауыл көшелерін асфальттаған мердігер мекемелер «Нұрас и К» ЖШС және «Қазалы Тұлпары» ЖШС-лары стандартқа сай сапалы орындағаны анықталды.
"Қазалы" ақпарат

03 қыркүйек 2020 ж. 777 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930