Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Автомобиль жолдары жақсарып келеді

Автомобиль жолдары жақсарып келеді

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшілігімен биыл көптеген игі істер атқарылуда. Аудан бойынша инфрақұрылым жұмыстары, ауыл арасы мен аудан орталығындағы жолға қатысты мәселелер күн өткен сайын шешімін тауып, ел игілігіне беріліп келеді. Жобалардың арқасында аудандағы жұмыссыздардың саны да біршама азая түсті. Әсіресе әлеуметтік нысандардың жарамдылығына көбірек көңіл бөлінуде.
Биыл қазалылықтар үшін жолдардың қайта жаңғыруымен есте қалатыны анық. Өйткені аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі жыр болған жарамсыз жолдарға екі қабатты асфальт төселіп, сапасы артты. Бұл тұста жолдың төселуін үйлестіріп, бақылау жасаған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының еңбегін ерекше атап өткен дұрыс. Аталған мекеменің тапсырысымен биылдың өзінде ауданда 66 ішкі көше мен 12 аудандық маңыздағы жол құрылыстарын жөндеу жүзеге асырылуда. Оның біраз бөлігі мәресіне жетіп, көлік қозғалысын реттеп берді.
Аудан әкімінің тапсырмасымен қолға алынған жобаларды іске асыру үшін жергілікті жұмыссыз азаматтар тартылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 112 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Олар жалпы ұзындығы 17,8 шақырым болатын жолға жөндеу жүргізуде, жоба 500 миллион теңгеге бағаланған.
Бүгінде елді мекендерге қатынайтын жолдардың сапасына, ішкі жолдардың санын арттыруға күш салынып жатқанын білеміз. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Майдакөл ауылдық округіне қарасты Бекарыстан би ауылындағы тұрғын үйлерге ауызсу желісін тарту қолға алынды. Сонымен бірге көше бетке жарықшамдар орнату мен асфальт төсеу ісі атқарылуда. Ол үшін бюджеттен 529,9 млн теңге қаржы бөлінді. Осы арқылы 13 шақырымнан астам жол жөнделді.
Бұған дейін аудан көлемінде жолға байланысты жасалған жұмыстардың бірқатары бүгінгідей жоғары дәрежеде орындалмағанын тұрғындар жақсы біледі. Десек те соңғы уақытта Мұрат Әбсұлтанов бастаған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тарапынан жол құрылысының сапасы мен уақытылы аяқталуы бірізге түскен. Бұл бақылаудың барынша жиі жүргізілуінен болса керек.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
25 тамыз 2020 ж. 1 145 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930