Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мазаны алған мал ұрлығы

Мазаны алған мал ұрлығы

Былтырғы жылы елде мал ұрлығына қатысты 4700-ден аса қылмыс тіркелген екен. Осыдан соң Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойып, осы сипаттағы қылмыстарға арнайы бап енгізілді. Бекітілген тәртіптің жай-жапсарын ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов баяндап берді.
– Мал ұрлығы және тонау, қарақшылық қылмыстары бойынша «тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік мекемеге, қоймаға, көлікке заңсыз кіру» жағдайы қылмыстың ауыр санатына ауыстырылды, – деді басшы.
Бұдан бөлек ендігі жерде мал ұрлағандар мен малынан айырылғандар бұрынғыша өзара ымыраға келе алмайды. Өйткені оғанда тыйым салынды. Ол үшін қылмыстық кодекстің 68-ші бабына түзету енгізілген. Нақтыласақ бүгінде мал ұрлығына қатысы бар кінәлі адамдарға 5 жылдан 7 жылға және егер олар ұйымдасқан түрде қылмыстық топ болатын болса 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Демек ендігі жерде мал ұрлығымен ұсталған кез келген қылмыскер үзілді-кесілді абақтыға қамалады.
Бүгінге дейін мал ұрлығына қатысты ең көп тіркелетін аймақтар қатарында Қызылорда облысы да бар. Оның ішінде ауданда әлі күнге дейін мал ұрлығы тыйылар емес. Жаңа заң қабылданып, күшіне енгенімен бұл қылмыстық істі ауыздықтау оңайға соқпай тұр. Олай дейтініміз ауданда жыл басынан бері оннан астам мал ұрлығы орын алған. Бұл туралы Қазалы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Олжас Кужахметов айтып берді.
– Жаңа жыл басталғалы мал ұрлығына қатысты 17 қылмыстық іс тіркелді. Оның сегізін ізін суытпай ашып үлгердік. Осының үшеуі ауыр санаттағы мал ұрлығы. Қалған тоғыз мал жайылымдық жерден, яғни өрісте жоғалған. Қылмыс ашылмай отыр. Алайда бұлардың қайда кеткені беймәлім болғанымен, ұрлық болып тіркеледі.
Қазірде осы сипат негізінде жаза ауырлады. Ұсталған қылмыскер бірден бас бостандығынан айырылады. Немесе қылмыстың ауыр не жеңілдігіне қарап айыппұл салынады, – деді Олжас Шынарбайұлы.
Мұнан бөлек жуық арада жайылымда жүрген екі бірдей малынан айырылған 5-ші квартал тұрғыны Нұрлыбек Сембаевпен тілдестік. Ол жоғалып кеткен малдың бүгінге дейін табылмауы мүмкін еместігін айтуда.
– Бұған дейін бірнеше рет мал ұрлығы орын алды. Артынша ауылдық жерлерді аралап, тауып алатынбыз. Бірақ соңғы ғайып болған малдардың әлі күнге ізі шығар емес. Пайымдауымша ұрланған секілді. Бұған жазаның ауыр екенін білмегендер қадам жасады. Ұрлық әшкереленетін болса, өз өмірлеріне балта шабатын да солар, – деді кент тұрғыны.
Біреудің мүлкіне қол салып, қылмыстық іс жасау абырой әкелмесі хақ. Өйткені заң талабы жеңіл емес. Тиісінше қылмыс ашылар болса, қолыңмен істегеніңді, мойныңмен көтеруге тура келеді. «Ұрлық түбі – қорлық» деген сөзді санамызға сіңіріп өскендіктен, жақсылыққа жетелер жол емес екендігін әрбір қазақ азаматы түсінсе екен деген тілек біздікі.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
25 тамыз 2020 ж. 1 599 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930