Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңға бағынған жаза баспайды

Заңға бағынған жаза баспайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетіл­діру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Осы заңмен Қазақстан Респуб­ликасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару Кодекстеріне, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне, «Халықтың көші-қоны туралы» және «Пробация туралы» ҚР Заңдарына бірқатар өзгерістер енгізілді.
Алдымен Қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістерге тоқталсақ.
Көлік құралын мас күйде жүргізу және осындай адамға басқаруға беру, мал ұрлығы, есірткі жарнамасы, педофилия және браконьерлік үшін берілетін жазалар күшейтілді.
Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол бергені үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқарып, біреуді абайсызда мерт қылса, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Дәл осы әрекет екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғатын болса, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңнамаға есірткіге жарнама жасауға қатысты жаңа бап енгізіліп отыр. Себебі соңғы кездері интернетте де, ғимараттардың қабырғасында да есірткі заттарының жарнамасы көбейіп кетті. Енді ондай әрекеттердің жазасы ауыр болады, тек бас бостандығынан айыру көзделген. Мерзімі – 3 жылға дейін. Сонымен бірге, заңнамаға енгізілген тағы бір жаңа бап – мал ұрлығы. Осы қылмыстың жазасы күшейтілген.
Мал ұрлығын ірі мөлшерде адамдар тобымен алдын ала сөз байласып жасалса, 7 жылға дейін бас бостандығынан                      айыру жазасы тағайындалады. Ал бірнеше рет немесе мал қораға кіріп жасалса – 10 жыл, аса ірі көлемде және қылмыстық топ болса, 12 жылға дейін бас бостандығынан          айыру жазасы көзделген.
Ескере кететін жай, осы санаттағы қылмыстар бойынша татуласуға рұқсат жоқ.
Педофилия қылмысының жазасы да күшейтілді.
Биылдан бастап жыныстық қатынасқа қатысты қылмыстар ауыр қылмыс санатына өтті. Ал балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылады.
Осы санаттағы ауыр қылмыстар бо­йынша татуласуға жол берілмейді. Ал балаларды зорлағаны үшін жазаның мерзімі 20 жылдан басталады.
Енді балаларды зорлау қылмысы бо­йынша тек 20 жыл және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы болады. Баланы өлтіргені үшін де тура сондай жаза қарастырылған.
Қазақстанда заңсыз аңшылық және балық аулау теріс қылық қатарынан шығарылып, орта деңгейдегі қылмыс санатына жатқызылы.
Заң бойынша орман шаруашылығы инспекторының өміріне қауіп төндіру құқық қорғау органдары қызметкеріне шабуыл жасаумен бірдей болады. Осы заңмен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодекске енгізілген басты өзгеріс мас күйінде көлік жүргізген жүргізушіге тағайындалатын жаза қатаңдатылды. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. Бұдан бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылатын.
Дәл осы әрекет жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соқса қамау мерзімі 20 тәулікке дейін, ал жүргізушілік құқығынан айыру 8 жылға айыруға әкеледі.
Дидар МҰРАТБЕКҰЛЫ,
Қазалы аудандық сотының төрағасы
25 қаңтар 2020 ж. 1 606 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930