Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда 21,6% азайған

Мал ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда 21,6% азайған

Жыл басынан бері мал ұрлығына байланысты 297 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ІІД криминогендік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Темірбекұлы мәлімдеді.
Баспасөз конференциясына ҚІІБ бастығы Дәулет Беркімбаев та қатысты.
Облыс көлемінде жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 103 қылмыскер ұсталған, олардың жасаған 139 қылмысы дәлелденіп, тиісті шаралар қолданылған. Сонымен қатар, 82 мал ұрлығын жасаған 20 қылмыстық топ құрықталды.
Жыл басында Сырдария ауданында мал ұрлығын кәсіпке айналдырған 16 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталып, олардың жасаған 16 эпизодтық және 9 ауыр санаттағы мал ұрлықтары дәлелденіп, сотқа жіберілген. Атап айта болсақ, 27-і қорадан, 37-і өрістен, 5-і жеке меншік фазендадан, және 1 дерек мал базары аумағынан қолды болған.
"Ұрлық – қарлыққа қарсы, соның ішінде мал ұрлығына байланысты, оның алдын алу мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігімен 2018 - 2020 жылдарға арналған бағдарлама енгізіліп, қолданысқа енгізілген. Бағдарламаның жүзеге асуы мақсатында жергілікті барлық малға таңбалау және біркелкілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық ІІД криминогендік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Темірбекұлы.
14 тамыз 2018 ж. 1 649 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 202

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930