Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көпқабатты үйдің қабырғасына Абайдың бейнесі салынуда

Қызылордада көпқабатты үйдің қабырғасына Абайдың бейнесі салынуда

Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына қазақтың ұлы ақыны Абайдың айшықты бейнесі салынып жатыр. Бұл жөнінде қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алып сурет Абай даңғылы мен Ғани Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы №17 үйде салынуда.
«Қазақ әдебиетінің бастауы, күллі қазақ баласына бағдар болған Абай бейнесі қала ажарын айшықтай түсері сөзсіз. Ұлттық руханияттың үлкен тұлғасына айналған алып суретті қала тұрғындарына сый ретінде «Энерго Ойл» ЖШС демеушілік есебінен тарту етуде», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Абай даңғылы Қызылорда қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Онда көптеген мекемелер, тұрғын үйлер бар. Сондай-ақ, мұнда қазақтың бас ақынының нақыл сөздері жазылған арнайы алаң ашылған.


23 тамыз 2020 ж. 1 002 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031