Талапқа сай болмағандықтан бұзылды
Астана даңғылы мен М. Шоқай көшесінің қиылысында орналасқан аялдама құрылысының (Ж. Істібаева меншігіндегі) сыртқы көрінісі нобайлық жобаға сәйкес келмеуіне орай (келісімімен) бұзылды.
Бүгінгі таңда, қала көлемінде сыртқы келбеті талапқа сай орналаспаған 21 аялдама бар.
Арнайы құрылған жұмысшы топ мүшелерімен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, меншік иелері тарапынан өз еріктерімен 6 аялдама бұзылды (Мәлімет үшін: Төле би көшесіндегі қалалық ішкі істер басқармасы маңында орналасқан аялдама; Астана даңғылы бойындағы Жедел жәрдем орталығы маңындағы аялдама; М.Шоқай көшесіндегі Жаңа базар маңындағы аялдама; Тоқмағамбетов көшесі, «Ағжан» СҮ маңындағы аялдама, Астана даңғылы мен М. Шоқай көшесінің қиылысындағы аялдама, Титов т/а, Жетікөл көшесі бойындағы аялдама)
Сонымен қатар, «Желтоқсан – Қорқыт» ата көшелерінің қиылысындағы 1 аялдаманы 28 ақпан күні бұзу жөнінде меншік иесімен келісілді.
Бұдан бөлек 3 аялдаманың мерзімі өтуіне байланысты меншік иелерінің іс құжаттары қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі тарапынан сотқа жолданып, сот процессінде қаралуда (Мәлімет үшін: Желтоқсан мен Ғ.Мұратбаев көшесі қиылысындағы аялдама, Байтұрсыновпен Қорқыт ата көшелері қиылысындағы аялдама, Шұғыла м/а, Мұратбаев к-сі н/з Ақмешіт оқу орны маңындағы аялдама;)
3 аялдаманың сыртқы келбеті толық эскизге сәйкес жаңартылды (мәлімет үшін: Шұғыла м/а Ғ.Мұратбаев пен Бұхарбай батыр көшелері қиылысында орналасқан аялдама; Абай даңғылы «Универсам» СҮ маңындағы аялдама, Көшербаев к-сі, «Орда» құрылыс заттары дүкені маңындағы аялдама).
Ал, 8 аялдаманың жалға алу мерзімдері бар болғанымен, сыртқы келбеттері талапқа сай қамтылмаған. Осыған орай, меншік иесіне қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі тарапынан іс-құжаттары сотқа жолданып, сот процессінің уақыты белгіленуде (мәлімет үшін: «Мобиком» ЖШС-нің Журба к-сі, «Ақмешіт» м/а; Әйтеке би к-сі, «Сыбаға» базары маңы; Абай даңғылы, «Универсам» СҮ маңы; Бөкейхан к-сі мен Жеңіс к-сі қиылысы; Қорқыт ата к-сі, «Строй Батт» СҮ маңы; Қазыбек би к-сі, «Жайна» СҮ маңы. Меншік иесі А. Н. Құрманғазиевтің Байтұрсынов пен Тоқмағамбетовтың қиылысындағы аялдама. 15 мектеп-гимназияның алды, Әйтеке би және Тоқтыбаев көшелерінің қиылысындағы меншік иесі М.Т. Кубегеновтің аялдамасы).
Жоғарыдағы мәселелерді қала кәсіпкерлерінің назарына жеткізе отырып, өз меншіктеріңіздегі аялдаманы «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан әзірленген нобайлық жобаға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізулеріңізді қатаң түрде ескертеміз.