Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тапшылығына тиянақтылық керек

Су тапшылығына тиянақтылық керек

Жыл сайын жер емген диқандарды көбірек алаң қылатын жағдай – судың жетіспеушілігі. Онсыз ала жаздай еткен еңбек, Жер-Ана қойнына үлкен үмітпен егілген егіннің бітік шығуы екіталай. Қазіргі таңда Сырдария өзені демін ішке тартып, су тапшылығы орын алып отырғаны жасырын емес. Бұл аудан атқамінерлерін де, шаруа адамдарын да уайымға салып қойды.

Күрделі жағдайда қол қусырып қарап отырғанды уақыт талабы көтермейді. Сол себепті бірер күн бұрын облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келіп, орын алған мән-жаймен ­танысты. Басықара су торабының басында тиісті сала мамандары және шаруашылық басшыларымен кездескен Бақыт Дүйсенұлы аймақтағы су тапшылығын шешу, егіншілерді болуы мүмкін қауіптен аман алып қалу мәселелерін жан-жақты талқылады. Кездесуде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданда қалыптасып отырған нақты жағдайды баяндап, қиындықтан шығынсыз шығуға болатын амал-тәсілдерді ортаға салды.
Өз кезегінде Бақыт Дүйсенұлы облыс бойынша су шаруашылығы жағдайының күрделілігін және қабылданып отырған шаралар туралы баяндап, төтенше жағдайға жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті.
Су тапшылығы орын алуына байланысты бүгінгі таңда облысқа келіп жатқан су көлемін реттеу маңызды. Қазалы ауданының қажетіне Қараөзек арнасы арқылы жіберіп, оның бойындағы «Картонкомбинат» тоспасындағы жиналған суды төменге тастау арқылы қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін шешім қабылданған болатын.
Алайда шаруашылық басшылары бұл тоқтамның нәтижесі әлі де байқалмағандықтан облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жахановқа қосымша шаралар қабылдап, шұғыл әрекет ете отырып, дарияға келіп жатқан судың дұрыс реттелуін қатаң бақылауға алу жөнінде пәрмен берді.
Бұдан соң облыстан келген өкіл аудан әкімі Мұрат Ергешбаевпен бірге су тапшылығын көріп отырған бірқатар шаруашылықтың егіс алқабын аралап шықты.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
04 тамыз 2020 ж. 500 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031