Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еріктілер ерлеп тұр

Еріктілер ерлеп тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, адамдарға шын ниетімен көмектесуді тапсырды. Сондай-ақ оны науқанға айналдырмау қажетін айтты. Ата-бабадан аманат болып жеткен адамгершілік қасиеттің адам болмысынан ажырамауына жастар тарапынан көп жұмыс істелуде. Олардың бойындағы қайрат-жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс. Біз қазір күн сайын осыған куә болып жүрміз. Ал бұл істің оңтайлы орындалуына байланысты көпшілік не дейді?

Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
– Биыл мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында біршама игі істер қолға алынды. Еріктілер жылында әсіресе аудан жастары ізгілікке толы шараларға волонтер ретінде ауызбіршілікпен атсалысты.
Жалпы статистикалық мәліметке сәйкес аудан халқының 23 процентін 17791 жас құрайды. Оның ішінде ерлер – 9475, әйелдер – 8316, қала жастары – 763, ауыл жастары – 17028 болып отыр. Ал 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыс күшінің саны – 35602 адамға жетті.
Мұнан бөлек аудан орталығындағы орта арнаулы оқу орындарында 1501 студент жас білім алуда. 14 пен 18 жас аралығындағы 14551 оқушы бар. Қазіргі уақытта экономикалық белсенді – 962, экономикалық белсенді емес жас – 122 адамды құрап отыр.
Есепті кезеңде 160 шара атқарылды. Атап айтқанда, қайырымдылық, насихаттық, рейдттік, зорлық-зомбылыққа қарсы, еріктілік бағыт бойынша, онлайн сайыстар мен кеңес беру жұмыстары істелді. Оған 3040 жас қатысты.
Төтенше жағдайға байланысты аудан әкімдігінің, ішкі саясат бөлімінің және кәсіпкерлердің қолдауымен ерікті жастардың ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған 103 отбасыға азық- түлік үлестірілді.
Ерікті жастар аудан тұрғындарына 2000 дана бетперделерді тегін таратты. Пандемия кезінде 20 ерікті 120 тұрмысы төмен отбасыға азық-түлік апарып берді. Мұндай жақсылыққа толы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ізгілікке құштар еріктілер аудан бойынша 4 адамға үй тұрғызып, салып берді. Құмжиек ауылдық округінің еріктілері мүмкіндігі шектеулі қартты 5 бөлмелі үймен қамтамасыз етті. Оған 100-ден аса ерікті тартылды. Алдағы уақытқа жоспар көп. Оның орындалуына бар күш-жігерді жұмсаймыз деген ниеттемін.
Ернар ИБРАЙ, ерікті:
– Бүгінде елімізде өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бастапқыда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектесіп, жалғыз тұратын қарттардың үйлерін тазалап, бау-бақшасына көмектесіп, азық-түлігі мен дәрі-дәрмегін өздері жиған еріктілер тобы «Жүректен – жүрекке» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырды.
Қазір бұдан да ауқымды істерді қолға алуға әзір. Және оның жолдары қарастырылуда. Еріктілер штабын ұйымдастырып, біздің пайдалы іспен шұғылдануымызға мүмкіндік зор. Біз арнайы бекітілген бағыт бойынша жұмыс істейміз. Қазіргідей індет басылмай тұрған шақта тұрғындар сақтық шараларын қатаң ұстанса екен. Аса қажеттілік болмаса үйде отырғаны дұрыс. Ал шыққан жағдайда бетперде және медициналық қолғап киюі тиіс. Сол кезде ғана біз қауіптің алдын аламыз. Мұндай қиын сәтте аудан жастары қол қусырып отырған жоқ. Қолдан келген жәрдемді көрсетуден аянып қалмауда. Бізде еріктілерге тек ­жастар ғана қажет деген түсінік бар. Бұл ойдан арылуымыз қажет. Себебі 50, 60, тіпті 70 жастағы ақсақал мен ақжаулықты әжелер де ерікті бола алады. Бәрін жастарға артып қоймай, егде жастағылар да аудандағы көмекке зәру жандарға қолынан келген жақсылықты жасаса өзіне молынан сауап жияр еді.
Гүлмира ЖОЛМАХАНОВА, көпбалалы ана:
– Еріктілер жылының іс-шараларын іске асыру бойынша жыл басынан бері ауданда волонтерлық бағыттар бойынша қарқынды жұмыстар жасалып келеді. Осыған орай “Харекет” қорының мүшесі Айдос Әмірханұлына және барша аудан еріктілеріне қиын сәттегі көмектері үшін алғыс білдіремін. Аз қамтылған, жалғызбасты көпбалалы аналарға, қарттарға қол ұшын созып жүргені үшін ризашылығымды жеткіземін. Осылай қолдау көрсету арқылы біз бірлігі жарасқан ел екенімізді көрсете алдық деп ойлаймын.
Биыл қыс айында ерікті ­жастар қаншама жыл пәтер жалдап жүрген маған күтпеген жерден баспана кілтін ұсынды. Ізгілікке толы ниеттеріне рақмет. Мұндай ауқымды көмек жанымды жадыратып, қуаныш сезімін сыйлады. Тіптен жаңа үйлі болғанда жылап та жібердім. Өз үйің болғанға не жетсін?! Алдағы уақытта да баспанаға зәру отбасылар мен сияқты үй алу бақытына кенелсін. Еріктілердің қайырымды ісі алға баса берсін.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


29 шілде 2020 ж. 1 676 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930