Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнімі мол өндіріс

Өнімі мол өндіріс

Соңғы уақытта халықты жұмыспен қамтып, өндірісті тоқтатпай жемісті еңбек етіп келе жатқан мекемелер баршылық. Соның бірі – ауданнан тыс облыс, республикадағы ең беделді кәсіпорын «РЗА» акционерлік қоғамы десек қателеспейміз.
«РЗА» АҚ-ның 1996 жылдан бері қазіргі заман талаптарына сай нан зауыты іске қосылып, тұтынушыларға 41 түрлі нан және кондитерлік өнімдерін ұсынып отыр. Нан өнімдерінің сапасы, салмағы мемлекеттік стандарттарға сай дайындалуда. «Нан және кондитерлік өнімдерін өндіру» цехы негізінде 2013 жылдың маусым айында «РЗА – нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Серіктестікте 21 адам тұрақты жұмыс істейді. Өз кәсібіне берілген жұмысшылар мұнда жоғары сұрыпты ақ нан, 2 сұрыпты бидайдан дайындалатын «ржаная», президент, бородиндік, бөлке және батон наны, француздық багеттер, бублички, лепешка мен платенкалар, пряниктің 2 түрі, коржик, лакомка, құймақ, кекс, печенье курабьенің 7 түрі, пирог, сүзбеден, ­бисквиттен мерекелік 8 түрлі торт өнімдері өндіріледі.
2013 жылы қуаттылығы ауысымына 3 тоннадан асатын нан және кондитерлік өнімдерін шығаратын құны 21 миллион теңге қаражаттан тұратын «Jaf Partners» компаниясымен еуропалық стандартты «Revent» чех нан пісіру пешін орнатып, толық іске қосты. Өнімнің сапасы мен салмағы мемлекеттік стандарттарға сай дайындалады. Нан өндіру процесінің әрбір қадамында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және тамақ құндылығына қойылатын санитарлық, гигиеналық талаптар сақталған. Шығарылатын нан және кондитерлік өнімдері ЕАС кеден одағы сәйкестік туралы декларациясымен сертификатталған. Цехта ауысым уақытымен барлығы 13 адам тұрақты қызмет етеді.
2014 жылдың ақпан айында «Шұжық цехы» РЗА» АҚ-нан «РЗА – нан» серіктестігі құрамына берілді. Онда еттен 15 түрлі ет және шұжық өнімдері өңделіп өндіріліп шығарылады.
Атап айтсақ, жоғары сұрыпты жартылай қақталған «Краковская» – 2 түрі, «Шашлычная», «Салями», «Зернистая», «Мусульманская особая», «Мусульманская сервелат», «Мусульманская печеночная», пісірілген «Чайная», «Докторская», «Сосиски» «Сардельки», «Ливерная» тұшпара, котлеттер дайындалады.
2006 жылы өндіру қуаттылығы тәулігіне 2 тонна толықтай еуропалық құрал-жабдық пен тоңазытқыш камералармен жабдықталған. Өнімнің сапасы, салмағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес шығарылады. ҚР СТ ИСО 9001-2001 сапа мендежменті, ҚР СТ ИСО 9001-2000 халықаралық сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Жасалған ет және шұжық өнімдері де ЕАС кеден одағы сәйкестік туралы декларациясы серификаттына сай келеді. Цехта ауысым уақытымен барлығы 8 адам тұрақты жұмыс істейді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
21 шілде 2020 ж. 945 0

Бишімбаев ісі

13 мамыр 2024 ж. 60

Магниттік дауыл

12 мамыр 2024 ж. 90

Тәтті әлем

12 мамыр 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031