Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сертіне берік денсаулық сақшысы

Сертіне берік денсаулық сақшысы

Дәрігер, әріптесім Қазбек Еспаевпен 1977 жылы Алматы медициналық мемлекеттік институтын бірге тәмамдадық. Екеуміз де Қазалы ауданынан келдік. Мен Қазбекпен 4 курстан кейін Қазалы аудандық орталық ауруханасында өткен дәрігерлік практикада жолықтым. Біздің әрқайсымыз тәжірибеден өтіп, кейін “перзентхана” циклында бірге болдық. Циклдің бірінші күнінде бөлім бастығы бізді кезекші ретінде тәжірибеден өтуге жіберді. Тәжірибеде түнгі ауысымдар күндізгі ауысыммен ауыстырылып, тәулік бойы жұмыс жасадық, екеуіміз де еңбекқор екенімізді таныттық. Тәжірибе Қазалы қаласында аяқталып, Қазалы аудандық ауруханасында жұмыс істедік. Білікті дәрігерлердің басшылығымен жұмыс істеу қызықты болды және бізге көмек беруге дайын медбикелерге, акушерлерге алғысымыз шексіз.
Перзентханадағы түнгі ауысымдардың бірінде босанған әйелден қан кете бастады. Оған қан құю қажет болды, басқа амалдарды іздеуге уақыт болмады. Босанған әйелдің қан тобы Қазбек екеуміздікіндей бір топ болып шықты, амалсыз қан беруге келістік. Бұл кезекшіліктен шаршап шықтық. Екеуміздің де қолымыз таңылған, соған қарамастан атқарған жұмысымызға дән ризамыз.
Келесі жолы бірге 5 курста ауыл шаруашылығы жұмыстарында болдық. Біз темекі жинауға Алматы облысына бардық. Қазбек әдеттегідей өзіне жарасымды күлкісі мен әзілдерін әлі қоймаған. Интернатураны бітіргеннен кейін біз онымен қайтадан Қазалы аудандық ауруханасына барып, жұмыс істедік. Қазбек акушер-гинеколог мамандығын алды. Мен дәрігер-педиатр. Біздің әрқайсымыз өз жұмысымызға кірісіп, аптасына бір рет дәрігерлік жиындарда және сирек кезекшіліктерде кездесіп тұратын едік. Біреуіміз негізгі кезекші дәрігер, екіншіміз ургентті дәрігер қызметін атқарамыз. Қазбек әрдайым сырқаттарға мейірімді, ашық, көмекке келуге дайын тұратын. Біз әрқайсымыз өз жұмысымызбен беріліп айналыстық.
Мен 1980 жылы күзде күйеуге шығып, Қазалыдан кетіп қалдым. Қазбек болса туған жері Қазалы қаласында жұмыс істеді. Арада көп жылдар өтті. Өзімнің таныстарымнан Қазбек туралы сұрастырып тұрдым. Бір күндері оны “Одноклассники” әлеуметтік желісінен тауып, оған хабарлама жаздым. Бірақ жауап алған жоқпын, себебі ол “Одноклассникиге” шықпай қойыпты. Жақында оның телефон нөмерін таптым (жұмыс істейтін ауруханасына қоңырау соқтым). Мен оған қоңырау шалып, екеуміз ұзақ сөйлескенбіз, ол өз бау-бақшасы туралы айтып берді. «Мен сенің бақшаңды көремін және өз бағамды беремін, – дедім Қазбекке. – Келесі жылы біздің мектеп бітіргенімізге 50 жыл толады. Осыған орай Қазалыда сыныптастарыммен кездесеміз деп шештік.
Содан кейін Медицина қызметкерлері күні хабарласып, бір-бірімізді құттықтадық. 5 шілдеде Қазбекке хабарлама жібердім, ал маған қайғылы хабармен жауап келді. Бұл маған үлкен соққы болды.
Менің жадымда ол әрдайым мейірімді, адал, өз кәсібіне берік дәрігер болып мәңгілікке сақталады. Туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Жанна ЖҰМАБАЕВА,
дәрігер-педиатр, Нұр-Сұлтан қаласы
14 шілде 2020 ж. 763 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930