Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туымыз төмен түспесін

Туымыз төмен түспесін

Бүгінгі ахуал дүниені дүрбелеңге салып отыр. Бұл қатарда біздің елде бар. Осыған қатысты 13 шілде пандемиядан көз жұмған азаматтарды еске алу үшін Жалпы ұлттық аза тұту күні болып бекітілді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада мәлімдеген еді. Сонымен қатар мемлекет басшысының айтуымен бүкіл ел болып вирустан қаза болғандарды еске алып, бір минуттық үнсіздік жарияладық. Білуімше аза тұту Қазақстанда осымен 9-шы рет бекітіліп отыр. Өкінішті...
Негізі аза тұту күні көптеген адам өлімі тіркелгенде, қайраткерлер дүниеден өткенде, басқа да қайғылы оқиғалар орын алғанда жарияланатыны белгілі. Аты жаман коронавирус пандемиясының келуі ел ішінде түбегейлі өзгерістер енгізді. Соның салдарынан ауруханаларда қандастарымыз вируспен күресіп, өмір мен өлімнің арасында жатыр. Оған қоса індет кесірінен күн сайын көптеген жандар дүние салып, қайғыдан қан жұтып отырған отбасылар аз емес. Қабырғамызды қайыстырған осындай қысылтаяң сәтте бір болып, еңсемізді биік ұстасақ бұның да артта қалары сөзсіз. Сондықтан бүгінге дейін жақындарынан айырылған жандардың қайғыларына ортақпын. Бұдан кейін Қазақстанда азалы күн болмай, Туымыз төмен түспесін!
Оразғали БЕКБАНОВ,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
13 шілде 2020 ж. 757 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930