Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы азық-түлік базарларының жұмыс алгоритмі

Аудандағы азық-түлік базарларының жұмыс алгоритмі

Жұмыс уақыты сағат 10: 00-ден 17:00-ге дейін.
Объектіге кіру:
- кіретін жерде жұмыскерлер мен сатушылардың дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті), COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдардың болуын сұрау (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) ;
- кіреберісте, сауда залдарының холлында, әрбір 50-100 м сайын дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнату.
- жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін (карталар, телефондағы қосымша) жағдайларды барынша қамтамасыз ету;
ЖҰМЫС ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ:
- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, салфеткаларды кәдеге жарату, жабдықтар мен инвентарды өңдеу, үй-жайларды тазалау);
- қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;
- санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептика);
- сатып алушылар арасында бір метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу, бір уақытта қызмет көрсетілетін келушілер санын шектеу;
- қолдарын антисептиктермен өңдеу арқылы халыққа ауысымына кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған жағдайда ауыстыруға жататын бір ре қолданылатын қолғаптармен (келушілермен тікелей байланысатын қызметкерлер) қызмет көрсету;
- іргелес аумақты таза ұстау, қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;
- желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, сауда орталықтарының ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы;
- техникалық персонал (еден жуушылар) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, медициналық маска)пайдалана отырып,арнайы киімменжүргізуі керек;
- жинау инвентары (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін жақсы жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады;
- қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
- әрбір 2 сағат сайын келушілерге арналған жұмыс орындары мен үй-жайларды желдету;
- есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (жабдықтарды, инвентарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдалану орындарын (гардеробтар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды күніне кемінде 2 рет дезинфекциялай отырып ылғалды жинау;
- үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының,тыныс алу органдары ЖҚҚ-ныңазаймайтын (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз ету;
- дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;
- дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйінде сақтайды. Дезинфекциялық іс-шараларды және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмекті жүргізу кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
"Қазалы" ақпарат
25 мамыр 2020 ж. 504 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930