Естелігі ерекше балалық
Жақын досыңызбен сөз арасында ара-тұра балалық шақтан сыр шертіп, есте қалған естеліктерді еске алып баяндай жөнелетіндер қатарында сіз де барсыз. Балаң көңілмен ойға оралған ойынның ережесін өздері құрастырып, асыр салатын олардың қылықтары һәм күнделікті күйбеңінің өзі көркем көрініс. Кіршіксіз көңіл, аңғал сезім, жалаңаяқ жер кезген балалықтың иісі бүгінде кез келген ес жиған жанның есіне сағынышпен оралады. Иә, балғын күнін сағынғандардың бастан өткерген естеліктерінің қызығы мен шыжығы бір бөлек әлем.
Шаңы көкке көтеріліп жатқан ауылдың май топырағына аунап өскен бүлдіршіндердің ойын-сауықтарының қызықтығы соншалық, оны еске түсірудің өзі өте әсерлі. Ойын баласының таңғы шықтай пәк сезіміне көз жүгіртіп, тізе берсек тоқтау жоқ. Сондықтан сіздің де басыңыздан өткен балдай тәтті балалық шаққа саяхат жасап көрелік.
Жасыратыны жоқ ауыл баласы үшін жалаңаяқ жүру сән десек артық емес. Сүйретпені сүйретіп жүруге ерінгендіктен табанына кірген тікенді аңғармай, ойынның қызығына берілген олар таңнан кешке дейін үйге кіруге құмарта бермейді. Айтыңызшы алғаш ойнаған ойыныңыз есіңізде ме? Менің достарыммен арадағы ең бірінші ойыным сары сүйретпені киіп, үлкен көліктердің ескі доңғалағының ортасына отырып, биіктен төмен қарай домалау. Немесе бөшкелерге мініп алып, екі аяқпен кезек-кезек айналдыру. Сол «балонды» домалатып, әрең дегенде төбенің басына шығарып, ішіне отырамыз да төменге қарай жарысамыз. Қандай жағдай болмасын басты мақсат – алдымен жету. Басқалардан озып келсең қуаныштан төбең көкке жетіп, құлап ауырған жерлеріңді ұмытып кетесің. Ойынның бір осал жері өздігіңнен оны тоқтата алмайтының. Қазіргі қол-аяғымыздағы түрлі тыртық сол құмарлықтың дәлелі.
Анығында домалағанға дейін барлығы керемет болса да, жүре жөнелгенде «қалай тоқтатамын?» деген ой қылаң береді. Көзің жұмылып, орта жолға келгенде түйткіл үдей түсіп, «қайда тоқтайды екем, тек күл-қоқыстың арасы болмаса екен» деген қорқыныш та жүрегіңді қобалжытады. Межелі жер көрші беттегі төменде орналасқан жинаулы құм. Оған жақындағанда балон жүрісі бәсеңдеп, демде келіп жеткеніңді сезесің. Асығыс айналаңа қарап, кімнің бірінші келгеніне көз жеткізесің. Артынша жолай бағыты өзгергендер басы салбырап, жанарына жас жиналған күйі белгіленген тұсқа жетіп, күлкінің астында қалады. Ол кездегі күлкі де өте шынайы, риясыз, балғын болатын.
Асыққа ғашық болмаған ойын баласы болмаған шығар әсте. Қолға «сақа мен манайды» жинап алып, таңның атысы, күннің батысы үй-үйді аралап асыр салатынбыз. Ірі малдың топан жілігінен алынған асыққа «сақа» десек, басқа ойынға жарамды кішкентайларын «манай» дейтінбіз. Көршілес балалармен бас қосылса дереу «шеңбер» ойнауға кірісетінбіз. Ойын жер бедерін талғамайды, кез келген орынды домалақтап сызып, манайларды құрып, ойнай беруге болады. Ал ойынды бастау үшін асықтарды шеңбер ішіндегі сызыққа қатар-қатар қойып, оның сыртынан атқылай бастайсың. Осылайша жинаулы тұрған асықтарды дөңгелек сызық сыртынан үш табан жерге дейін сырғыту қажет. Ең көп шығарған бала жеңімпаз. Қызығы, егер кімнің сақасы иіріп жерге тастағанда алшысынан түссе, сол бірінші бастайды. Егер бүк, не шік түссе ойын кезегі келесі ойыншыға өтеді. Асыққа байланысты ойын түрі қазақта жетерлік. Десе де бүгінге дейін олардың саны ептеп азайып жатқан секілді. Тіпті қазіргінің бүлдіршіндері асыққа аса құмар емес. Сол кездің қол терісі жарылып, беті күнге қақталғанша асық ойнайтын балалары қазақылықтың берік берекесін келтіретін іспетті.
Шындығында келесі біз қозғағалы отырған ойын түрлерін көпшілік жақсы біледі. Мұны ауыл немесе қала баласы да ойнаған болуы бек мүмкін. Тек олардың осал тұсы мінберде айтылып, дүбірлі додаларда аты айтарлықтай қозғалмайды. Сіз бен біз бала күнімізде ойнаған «Айкол-сайкол», «Қалау-қалау», «Су-ли-фа», «Тығылыспақ», «Бес шатыр», «Бес тас», «Сымсыз телефон», «Соқыр теке», «Ортаға түспек» сынды ойындар өзгелерден ерекше. Баланы қиял әлеміне жетектеп, барлығына көтеріңкі көңіл-күй риясыз сый етеді. Демалып жүріп шаршайды, шаршап жүріп демалуға итермелейді. Мұнда төреші атаулы атымен болмайды. Соның өзінде ойын өте әділ өтеді. Балалар бір-бірінің уәждеріне құлақ асып, сөзге тоқтайды. Құдды бір ересектердей есті. Бір өкініштісі, қазір мұндай кішкентайлар саны сиреп барады. Қолынан ұялы телефоны түспеген бала, ойнау үшін далаға емес, төрт қораптың ішіне кіреді. Сондағы түрлі ойындарға көз тігіп, санасын улайды. Ертедегі қалың қауым мойындап, қызығып отыратын қызықты да тартысты ойындардың бүгінде жоғалып бара жатқаны ата-аналар мен бала тәрбиесі ісінің басында жүрген азаматтарды ойландыруы тиіс.

А.БАҚЫТҰЛЫ