Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемел замандағы киберспорт

Кемел замандағы киберспорт

Қазақ қашанда аламаннан, сайыстан қалыс қалмаған халық. Бұны «Баласы атқа шапса, атасы ауылда тұрып тақымын қысадыдан» білуге болады. Әлемде жыл сайын сан алуан жаңалықтар, түрлі өзгерістер орын алуда. Бұрынғының қызығы – аламан болса, ХХІ ғасырдың бәйгесі – киберспорт.

Киберспорт жайлы не білеміз?

Қысқаша айтсақ, киберспорт – компьютерлік немесе өзге құрылғылардағы ойын түрлері. Сіздің ойыңызға «СЕГА» немесе «Денди» ойын құрылғысы, анаңыздың «дендиді өшір, теледидарды күйдіресің!» деген сөзі немесе көрші баланың үйінде таң атқанша «Мортал Комбат» ойнап, ертесіне: «Мен – Лю Кингпін» деп асыр салған балалық шағыңыз еске түсуі әбден ықтимал. Сол кезде: «Әттең, ойын ойнап ақша тапсақ екен...» деген қиялыңыздың болуы да ғажап емес. Бұл спорт түрі – басқалай компьютерлік немесе электрондық, бейне ойындарға негізделген белгілі бір ақшамен қаржыландырылатын топтық немесе жеке жарыс түрі. Кешегі күннің арманы – қазіргі таңда шындыққа айналаған шаш етектен пайда түсіретін кәсіп.
Бұл саланы таңдап, болашағына сеніммен қарайтын жастар баршылық. Ойынның қай түрі сізге табыс әкелуі мүмкін? Ол үшін әлем бойынша танымал, киберспорт саласының алыптарына тоқталсақ. Starcraft II, Warcraft III, DOTA 2, CS-GO, Warcafe, Fortnite, Overwatch сынды шутер немесе стратегиялық ойындар өзінің қолдаушылары мен жанкүйерлерінің көптігімен ерекшеленеді.
Әлемде миллиондаған жүлде қоры бар жарыстар жиі өткізіледі. Ең ірісі – DOTA 2 ойынының жыл сайынғы «The International» турнирі. Сүйікті тобына жанкүйер болу үшін жер шарының басқа нүктесіне сапар шегетін адамдар жетіп артылады. Ал ғаламтор арқылы қолдау көрсетушілер миллиондардан асады. Аталмыш спорт түрінің пайда болғанына ұзақ уақыт болмаса да, киберспорт тарихында аңызға айналған ойыншылар да жеткілікті. Аталмыш турнирдің жүлде қоры 20,77 миллион АҚШ долларын құрап, әлем рекордын бірнеше мәрте жаңартқандығын атап айта кеткен жөн.

Біздің елде дамыған ба?

Киберспорт Қазақстанда енді қарқын алуда. Әйтсе де ойыншы табысы бойынша 130 елдің ішінде 35-ші болып орныққан. Елде 400-ден астам кәсіби геймер тіркелгені анықталды. Қазақстандық киберспортшылар түрлі сайыстарда жеңімпаз атанып, жалпы жүлде қоры 1,5 миллион доллардан астам ұтысты иемденді. Бұл – біздің ойыншылардың кәсіби шеберлігінің дәлелі.
Иә жаңа заман – жаңаша талап қояды. 230 миллионнан астам көрермені бар аталмыш спорт түрінің – болашағы жарқын. Ендеше, бұл аренада Қазақстан Республикасының мәртебесін көтерер азаматтар көп болсын!

Серік АҚМЫРЗА

23 қараша 2019 ж. 819 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930