Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымды жандардың көмегі

Қайырымды жандардың көмегі

Қазалы ауданында қасиетті Рамазан айында қайырымды жандардың көмегімен баспанаға мұқтаж отбасыларға арнап екі тұрғын үй салынып жатыр. Оның бірі Қазалы қаласындағы жалғызбасты әкенің баспанасы болса, енді бірі Қ.Пірімов ауылындағы Науханбаевтардың тұрғын үйі.

Осыдан бірнеше күн бұрын қазалылық жас кәсіпкерлер Мархаббат Асанова мен Мерей Айекешова өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында Қазалы қаласында тұратын жалғызбасты әкенің баспанасы құлау қаупінде тұрғанын айтып, қайырымды жандарды көмек көрсетуге шақырған болатын. Дәл осындай хабарландыру бергеннен кейін бұл баспана қатты жауған жаңбырдың әсерінен құлап, адам тұруға жарамсыз болып қалды.
Бүгінде қасиетті Рамазан айында көмек көрсетем деушілер үшін көрсетілген есепшотқа түскен қаржымен тұрғын үйдің іргетасы құйылды. Бұл игілікті іске Қазалы қаласының белсенді азаматтары мен жастары өздерінің лайықты үлестерін қосуда. Амандық болса ертеңнен бастап үйдің қабырғасы қаланатын болады.
Одан бөлек қала жастары өздерінің күшімен жалғызбасты әкенің ауласын қоршап, темір қақпа орнатып жатыр.
Қ.Пірімов ауылындағы Орысбай Науханбаевтың да баспанасын көктемде жауған толассыз жаңбырдан кейін су басып қалған. Осыны көрген ауыл тұрғындары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, ерлі-зайыпты Орысбай мен Күнімкүл Науханбаевтарға үй салып береміз деп шешті.
Қазіргі таңда ауыл жастарының демеушілігімен үйдің іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып тұр. Енді қайырымды жандар өз күштерімен үйдің төбесін жауып, шатыр орнатпақшы.
Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық істі қолға алып, баспанаға мұқтаж жандарға тұрғын үй салып жатқан барша жандарға алғыс айтамыз.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі








07 мамыр 2020 ж. 783 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930