Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қала жастарының ауызашары

Қала жастарының ауызашары

Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі – имандылық. Қазіргі қасиетті Рамазан айында мұсылман жұрты имандылық қасиетті нығайтудың қамын жасайды. Нәпсілерін тыйып, ораза ұстайды. Басқалары аузы берік жанға ауызашар беріп, сауапқа кенеледі. Соған қарап бұл діни жоралғы жұртты мұсылмандық парызын өтеуге ғана емес, ауызбіршілікте болуға да шақыратынын байқаймыз.
Жексенбі күні Қазалы қаласының 1987 жылы туған азаматтары қазан көтеріп, ауызашар рәсімін жасады. Оған ораза ұстап, ниет еткен жүзден аса тұрғын қатысты. Дастарқан басында қаладағы «Нұралы» мешітінің найб имамы Бауыржан Жайлыбай жиналғандарға уағыз айтты. Рамазан айының ерекшелігі мен ислам ілімінің құндылықтары туралы баяндап, ауызашарды ұйымдастырушыларға жиналғандар атынан ризашылығын білдірді. Қасиетті айдағы ауызашарға келгендер осы күнгі көктен себелеген жауынды жақсылыққа балады.

Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА


21 мамыр 2019 ж. 1 552 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 53

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 53

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031