Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық-түлік себетін кім ала алады

Азық-түлік себетін кім ала алады

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай режимі кезінде азық-түлік жиынтығы кімдерге берілетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды inform.kz.
«Бюджет қаражаты есебінен азық-түлік себеті бастапқыда 460 мың адамға берілген еді. Дегенмен, 31 наурызда Президент оны кеңейтуді тапсырды және республикалық бюджетті соңғы нақтылау барысында қосымша қаражат қарастырылды. Қазіргі уақытта барлық өңірде азық-түлік жиынтығы немесе азық-түлік жиынтығына арналған қаражат беріліп жатыр», - деді ол.
Министрдің дерегінше, азық-түлік жиынтығы 1,243 млн адамға қарастырылған. «Олар мына санаттар: Көп балалы отбасыларды, барлық топтағы және бастағы мүгедектерді қоса алғанда атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған азаматтары мүгедек баланың күтімімен отырған ата-аналар, сонымен қатар жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар»,- деді Біржан Нұрымбетов. Мұнан бөлек, оның айтуынша, түрлі қорлар мен еріктілер де халықтың аз қамтылған топтарын азық-түлікпен қамтуға көмектесіп жатыр.
«Біз біргеміз» қоры, еліміздің патриоттары бар. Олар да азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етіп жатыр. Бізден әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың тізімін алып, оларға көмек көрсетіп жатқан ұйымдар да өте көп», - деді министр.
20 сәуір 2020 ж. 871 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930