Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы көңілге үлкен демеу берді. Онда тұтқиылдан келген коронавирус дерті адамзатқа қауіп-қатер төндіргені айтылған. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша 1,4 миллионнан астам жан осы сырқатқа шалдыққаны, дәл бүгінгі таңда күллі әлем жұртшылығының алдындағы мақсат – дүниені жайлаған індетті жою екені міндеттелген. Бірлік бар жерде тірлік бар. Қазақ бірлігі бекем, рухы жоғары халық. Сондықтан жақсы оймен өмір сүре отырып, індетке қарсы тұруымыз керек. Жел сөзге құлақ түрмей, бір-бірімізге, еш нәрсеге сезіктенбей қарауымыз қажет.
XVIII ғасырда Англияның отары Оңтүстік Африкада «чума» эпидемиясы бұрқ етіп жүздеген мың адамдардың өмірін қиды. Сол кезде ағылшын патшайымы Елизавета медицина мамандарын Африкаға жіберді. Солардың ішінде Вальтер Адамст атты білімді дәрігер де болады. Олар барысымен жергілікті тұрғындарды емдеуге кіріседі. Бір айдың ішінде дәрігерлердің жартысы ажал құшады. Вальтер Адамст бастаған топ жанкешті еңбегінің арқасында жұқпалы ауруды ақыры ауыздықтайды. Ал Адамст болса, ауруды өзіме жұқтырып, зерттеймін деп чумамен ауырған адамның қасына үш күн жатады. Бірақ ауру оған жұқпайды. Ол менен жақсы дәрігер шықпайды деп ренжіген көрінеді. Мұны етіген Елизавета патшайым Адамстқа «Англия рыцары» деген атақ береді. Қазіргі уақытта бізде де аты жаман аурумен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандар баршылық. Тіпті кейбірі соңғы ауру жазылып шыққанша үйге қайтпаймыз деп үндеу көтеруде. Аурумен күресіп жүріп, сырқаттанып қалған дәрігерлер де бар. Елбасы әдетте жұрт көңілі алаң осындай кезде ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылар мен мүддесіне пайдалануға тырысатындардан сақ болуға шақырады.
Менің әкем Бекет 1902 жылы дүниеге келіп талай қиыншылықты көрген. 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысып, 1995 жылы 93 жасында дүние салды. Ол кісіден 1930 жылғы ашаршылықта Қазалы көшелерінде аштықтан ісіп-кеуіп өліп жатқан адамдарды арбаға бірінің үстіне бірін тиеп жерлегенін естідім. Әкем әңгіме арасында: «Аллаға шүкір етсеңдер нығметіңді арттырамын» деген. Әр уақытта ауыздарыңнан жақсы сөз шығатын болсын!» деп айтып отыратын. Сондықтан ағайын «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген мақалды ұмытпайық.
Елбасы кәсіпкерлерге сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді «Мен еліме не беремін» дейтін кез келді дегенді мықтап еске салды. Халықтың басына ауыртпалық түскенде базардағы азық-түлік бағасының шарықтап жатқаны байқалады. Рас, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар да сауда жасаған, бірақ еңбегімен өндірген өнімді ғана саудалады. Әрине көпке топырақ шаша алмаймын, оның ішінде баққан малын, бақшасында өсірген көкөністі сатушылар да бар, бірақ көбісі алыпсатарлар. Бұларға айтарым «Халық – Құдайдың бір аты» дегенді естеріңе сақтаңдар. Кезінде Әйтеке бабамыз «Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін, бай болсаң халқыңа пайдаң тисін. Бай болып халқыңа пайдаң тимесе, батыр болып жауыңа найзаң тимесе, үйің күйсін» деген екен. Осыны да ескере жүрген ләзім.
Сондай-ақ Елбасы осындай қиын кезеңде Үкімет пен жергілікті атқару органдары, «Nur Otan» партиясы басшыларының жүйелі тәртіппен үйлесіммен, нақты жоспар және нық сеніммен әрекет етуі керек екенін атап көрсетті. Сондықтан басшылар, халықтың сенімді өкілдері, тұрғындарға анықтама беретін мекемелер қалтқысыз қызмет көрсетуді ұмытпаңыздар. Дау әрине осындай әділетсіздіктен шығады. Көп балалы аналарға жәрдем беру туралы заңды бұрмалап кейбіреулер де көмек алып кеткен, кейін ол зерттеліп қайтарылды. Бұл да жемқорлықтың бір белгісі екені анық. Осындайдан аулақ болайық.
Елбасы «Біз біртұтас ел бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан да халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін. Біз біргеміз!» – дейді. Ылайым солай болғай, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегенді ұмытпайық!

Қадірбек БЕКЕТОВ,
ардагер ұстаз
ардагер ұстаз