Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты қорған – береке-бірлік!

Басты қорған – береке-бірлік!

Елбасы Н.Ә.Назарбаев әлемді дүр сілкіндірген қауіпті дертті ел болып еңсеріп, жұрт болып жұмылу арқылы жеңетінімізге сеніп, барша қазақстандықтарға ақ тілеуін арнады.
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде Батыр Бауыржан Момышұлының: “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды”, - деген қанатты сөзін бекер тілге тиек еткен жоқ. Мұның астарында қанша мән жатыр. Ел басына қиын-қыстау заман туғанда «арым жанымның садағасы» деп еңбек етіп жатқан дәрігерлер мен тәртіп сақшыларына барынша қолдау көрсетіп, тәртіпке бағынсақ, біз жеңбейтін жау жоқ. Сондықтан, үрей туғызбай, жұртты тыныштыққа шақырып, әрбіріміз жұмылған жұдырықша бірге болуымыз қажет.
Әрине, қазіргі жағдай баршамызға ортақ ауыртпашылық тудырып отыр. Бірақ, береке-бірлік пен ортақ мүдде болған жерде алынбайтын асу жоқ. Өткенімізді парақтап қарасақ, әр дәуірде мемлекет құраушы ұлттардың алдына үлкен сынақ жиі кездесіп отырған. Тәуелсіздік жылдарында да ондай сынақтың талайын жеңдік. Ел-халықты есеңгіретін, әбігерге салған келеңсіздіктен аман-есен шығып, болашақ мақсаттарымызды баянды жүзеге асырамыз десек, қанағатшылдық және жалпы ұлттық құндылық пен ынтымақты ту еткен береке-бірлікті сақтауымыз керек.
Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,
«Қазалы-Жомарт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Қазақстан Журалистер Одағының мүшесі
08 сәуір 2020 ж. 887 0

Наурызнама: Жаңару күні

19 наурыз 2026 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031