Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық депутаттар ХҚО-ның жұмыстарымен танысты

Қызылордалық депутаттар ХҚО-ның жұмыстарымен танысты

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары наурыз айындағы кезекті сессиясының жоспарына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Қызылорда облысы бойынша филиалының тұрғындарға қызмет көрсетуі мен атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.
Халық қалаулылары халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған бөлім мен көші-қон қызметтері орталығы және №1бөлімдерінің жұмысымен танысты.
Депутаттық аралау барысында бөлімдердегі қызмет көрсету барысы кеңінен таныстырылып, көліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктердің беру реті, еңбек мигранттарын қабылдау мен мерзімін ұзарту, №1 бөлімде цифрлы қызмет алудың артықшылықтарын кеңінен насихаттау туралы мәселелер айтылды.
Депутаттар корпусы халыққа қызмет көрсету орталықтарында халыққа қызмет көрсету бойынша кедергісіз жұмыс жасап, қызмет сапасын арттыруы бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатқандығына көз жеткізіп,оң бағаларын берді.
Сондай-ақ, аралау барысында айтылған ұсыныс-пікірлер жинақталып, қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы отырысына шығарылатын болады.
10 наурыз 2020 ж. 822 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031