Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі брифинг

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі брифинг


Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында 2019 жылы«Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қазалы ауданында жүзеге асыру жұмыстарының қорытындылары туралы және алдағы уақыттаатқарылатын іс-шаралар туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Аудан әкімі М.Ергешбаев бағдарлама аясында іске асырылып жатқан маңызды әлеуметтік-мәдени іс-шаралар мен жобалар туралы баяндады.
Атап айтқанда, бағдарламаның барлық бағыттары бойынша Қазалы ауданында өткен жылы 117 іс-шара өткізілген.
Өтекен жылдың шілде-қыркүйек айларында «Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» паркінен «Жайлаудағы ауыл» демалыс орнын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында бүгінгі күнге 41 шара ұйымдастырылып, 2700 адам қамтылған.
Мәдениет, спорт бөлімдері, Ғ.Мұратбаев, тарихи-өлкетану музейлерінің ұйымдастыруымен аптаның сенбі күні рухани-мәдени, спорттық шаралар, сайыстар мен байқаулар өткізілді.
Демалыс орнына келушілер қазақ киіз үйінде өтетін шараларға қатысып, ұлттық тағамдар мен сусындар ішіп, атқа мініп (емдік терапия), ұлттық ойындар тамашалады, ұлттық киімдермен естелік суретке түсті және ұлттық құндылықтарымыз бен ұмыт бола бастаған күнделікті тұрмыстық іс-әрекеттердің жай-күйі насихатталатын ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын жасап үйренудің шеберлік сағаттарына қатысты.
Сонымен қатар, «Туған жер» арнайы жобасы аясында тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға 6 млн 873,2 мың теңгенің көмегі көрсетілген. «25 жас – 25 игі бастама» еріктілер тобы және қайырымдылық акциялары аясында бірқатар игі жұмыстаратқарылуда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағытталған 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, бағдарламаның 6 негізгі бағыттары бойынша 39, арнайы жобалары бойынша 47, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының 6 арнайы жобасы бойынша 59 шара өткізу жоспарланып отыр.
Негізгі баяндамадан соң аудан басшысы журналистердің сауалдарына жауап берді, бағдарлама аясында алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстарды да тілге тиек етті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі 



19 ақпан 2020 ж. 770 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930