Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты бағдар аясында жобалар жүзеге асуда

Басты бағдар аясында жобалар жүзеге асуда

Еліміздің басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін бағдарлама. Осыған орай өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің осы бағытта аймақта қолға алынған шараларға тоқталды.
Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында өңірімізде «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисі құрылып, жұмыс жасауда. 4 кіші бағдарлама («Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны») аясында қолға алынған жобалар мен іс-шаралар мерзімінде сәтті жүзеге асырылды. Осы күнге дейін Қызылорда облысында 81 жоба жүзеге асырылса, қосымша тағы 79 жоба мен 100 ірі көлемді шараның өңірлік жол картасы әзірленіп, облыс әкімі бекітті.
– Бағдарлама аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ұсынылған сырбойылықтарды ұлықтау, халық арасында кеңінен насихаттау шаралары кеңінен жүргізілуде. «Тұлғатану» тақырыбындағы кездесулер үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе атқарылуда. 2018 жылға өңірлік жол картасына сәйкес жоспарланған жобалар мен іс-шараларға облыстық бюджеттен 600 миллионнан астам қаржы бөлінсе, демеушілер есебінен 22 миллиардтан астам қаржы тарту жоспарланып отыр.
Бүгінде орталық «Сыр Медиа» ЖШС жанынан ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Онда бағдарламаның әрбір кіші бағдарламасы бойынша бөлімдер ашылып, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, оқытушылар тартылды, – деді Руслан Рүстемұлы.
e-kyzylorda.gov.kz
25 қаңтар 2018 ж. 1 097 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930