Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кімдер халық санағына кірмейді?

Кімдер халық санағына кірмейді?

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов ұлттық халық санағына кірмейтін азаматтардың категориясын айтты.

Комитет төрағасының айтуынша, шетелге жұмыспен, оқумен бір жылдан астам уақытқа кеткен азаматтар халық санағы кезінде есепке алынбайды.
Бұл тұлғаларға Қазақстаннан шетелге білім алуға, жұмыс істеуге бір жылдан астам уақытқа кеткен азаматтардың категориясы жатады. Тек "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасымен кеткен Қазақстан азаматтарына бұл ереже келмейді, - деді Статистика комитетінің төрағасы.
Яғни "Болашақпен" оқып жүрген қазақстандықтар халық санағына кіретін болады.
Сонымен қатар, Қазақстан территориясында жұмыс істеп жүрген шет мемлекеттердің азаматтары да бұл санаққа қатыспайды.
Қазақстанда үшінші халық санағы екі кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі – 2020 жылдың 1-30 маусым аралығы, негізгі кезеңі – 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді.
Сонымен қатар, биылғы санаққа 8,2 млрд теңге бөлінгенін жаздық. Бұл қаржы планшет, компьютер, мойынорағыш пен портфель, көлік алуға, штаттан тыс қызметкерлердің ақысын өтеуге жұмсалады.



14 ақпан 2020 ж. 1 023 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031