Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары талқыланды

Бүгін облыстағы дәріхана өкілдері Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қыметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығымен кездесті.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және фармацевтикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын құру мәселелері талқыланды. Мұндағы басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар салалардың бірі – денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде фармацевтикалық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, фармацевтика саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қадағалаушы органдардың заңсыз тексерістері мен әкімшілік кедергілерден қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Басқосуда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов денсаулық сақтау мен фармацевтикалық қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасының мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Департамент басшысы Г.Байменова сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне өзбеушілік жағдайын қалыптастыру бойынша департаменте жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Фармацевтикалық қызмет бағытында бизнес-қауымдастық мүшелеріне мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар жұмыстағы жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында департаменттің ресми сайтында жоспарлы тексерістердің кестесі, мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық жоспар, нормативтік-құқықтық актілер заңға сәйкес орналастырылып, халық пен кері байланыс орнату мақсатында әлеуметтік желілерде департамент және оның басшылығының жеке парақшалары бар екенін жеткізді.
Басқосуға арнайы шақырылған өңірдегі дәріхана өкілдері фармацевтикалық қызмет саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, дәрілердің рецептуралық босатылуы, дәрілік заттардың шекті бағалары бойынша өзұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында фармацевтикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, кәсіпкерлікті заңсыз әкімшілік кедергілерден қорғау мақсатында өзара ынтымақтастық меморандумға қол қою бойынша келіссөздер жүрізілді.
05 ақпан 2020 ж. 1 215 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930