Парасаттылық мектебі
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұсынысын қолдай отырып, бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, университет жанында жұмыс жасап жатқан «Парасаттылық мектебінің» жұмыс тәжірбиесімен бөлісті.
«Парасаттылық мектебінің» негізгі мақсаты – білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық, парасаттылық және әділдік қағидаттарына тәрбиелеу, сонымен қатар, халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту және енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы А.Ж.Шпекбаев «басты қызметіміз – сыбайлас жемқорлыққа жол берген адамдарды ұстап алу, жазалау ғана емес, қоғамда, соның ішінде жастар арасында бұл құбылысқа мүлдем төзбеушілік, оны қабылдамайтын мінез-құлық қасиеттерін, мәдениетін қалыптастыру» деген басты ұстанымын жүзеге асырудағы «Парасаттылық мектебінің» үлесі зор.
Кездесу барысында мәжіліс модераторы Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Л.М.Қаржаубаева болып, университеттің тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасының басшысы Ж.Н.Базартай «Парасаттылық мектептебінің» жұмыс барысы туралы баяндап, озық тәжірбиелерімен бөлісіті.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы – Ғ.Ұ.Әлімқұлова «жаһандану жағдайындағы ақпараттық технология үстемдік құрған қазіргі таңда жастарымыздың бойында парасаттылық секілді ізгі қасиеттерді қалыптастыру басты міндеттердің бірі» екендігін атап өтті.
Бүгінгі өткен талқылау мәжілісіне облысымыздағы орта және жоғары оқу орындарының өкілдері, «Парасаттылық мектептерінің» жетекшілері қатысты. Мәжіліс барысында «Парасаттылық мектебінің» 2020 жылғы жұмыс жоспарын талқылап, алда қойылған міндеттерге жету үшін пікір алмасты.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті