Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауынгер Жомартқа арналған турнир

Жауынгер Жомартқа арналған турнир

Осыдан бірнеше жыл бұрын кішіпейіл, ақжарқын жас – Жомарт Демеуұлы әскер қатарында жүріп, Отан алдындағы борышын өтеу үстінде мезгілсіз қаза тапты.

Өлі риза болмай, тірі байымайды. Осы қағиданы берік ұстанған оның достары Бірлік ауылы №102 орта мектебінің спорт залында туған жердің ардақты перзенті Жомарт ­Алданазаровты еске алуға арналған волейболдан турнир өткізді.
Спорттық шараны ауыл әкімі Өміртай Өтеп-Әлі ашып, сәттілік тіледі. Жарысқа қатысушы төрт команда бәсеке бәсін қыздырды. Нәтижесінде жүлделі орын алған командаларға арнайы диплом, кубоктар беріліп, сыйлық табысталды. Сонымен бірге, 10 сынып оқушысы Батырхан Әбдірше «Жас ойыншы», Оңдабай Жұмахметов «Үздік ойыншы», Бөкенбай Құтжанов «Ардагер ойыншы» номинациясын иемденді.
Жарыс соңында Жомарттың әкесі Демеу ақсақал турнирді ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, батасын берді.
Мәншүк СӘДЕНОВА,
Бірлік ауылы
01 ақпан 2020 ж. 754 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031