Білім шамшырағын шашқан мекен
«Жер – ырыстың кіндігі, білім – оның тізгіні» деген қазақ халқы білмекке ерекше көңіл бөлген. Заманына қарай амалын жасап, уақыт талабына бейімделген жұрт әр кезеңде түрлі ғылымды игергенін тарихи деректер растайды. Ал қазіргі жалпы білім беретін оқу орындарының негізі Қазақстанда ХІХ ғасырдың соңы, XX ғасырдың бас кезінде қаланған. Шалғайдағы далаға жаңалық болып келген сол тарихи оқиға туралы айтылғанда ойға оралатын орталықтың бірі – Қазалы жері. Біздің мекеннің санаулылар санатынан орын алып, тыңнан түрен салған тұңғыштар тобынан табылуының сыры неде?
Білім – идеологияның жетекші құралы. ХІХ ғасырда патшалық Ресейдің қол астындағы ірілі-ұсақты елдерге өз саясатын терең сіңіруде оларды сауаттандыру қажеттігі туындады. Осы мақсатта қолға алынған халыққа білім беру ісі елімізде діни және зайырлы екі бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектеп пен медреселерде мұсылманша білім алды. Медресе шәкірттеріне ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім берумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия ілімінің негізін меңгертсе, 1870 жылдан бастап бұл діни оқу орындарына патша үкіметінің бастамасы бойынша орыс тілінің негіздерін үйрету міндеттелді. Көп ұзамай мұсылманша оқытуға бақылауды күшейтті. Деректерде 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформаға сәйкес мектеп пен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсаты керек етілді. Алғашында астыртын, кейіннен ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.Жаңа саяси ұстанымға негізделген мектептер ашылып,онда арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты пәндер оқытылды.
Бұлардың қатарында ХХ ғасырдың бас кезінде жұмысын бастаған Түркістан, Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей қалаларындағы тұңғыш ашылған мектептер болды.
1860 жылы Қазалы уезінде Орынбор генерал-губернаторының жарлығымен ер балаларға арналған 2 кластық орыс-приход мектебі ашылды. Алғашқы мұғалімдікке І форт – Қазалы әскери бекінісінің офицері Алексеев пен шырақшы Ефграфов тағайындалады. Білім ошағының басшылық қызметі мен жоғары сынып оқушыларының жауапкершілігі Ефграфовқа жүктелсе, төменгі топқа Алексеев дәріс берген. Оқу бағдарламасында шәкірттерге әдебиеттік оқу, грамматика, есеп, дін ілімдері енген. Сабақ уақыты күніне 5 сағат, аптасына 28 сағатқа негізделген. Қазіргі жүйеден айырмашылығы – түске дейін 3 сағат сабақ оқылып, екі сағаттық үзіліс белгіленген. Түстен кейін 2 сағаттық сабақ оқылса, сенбі күнгі дәріс саны небәрі 3-еумен шектелген. Белгіленген күн тәртібі жасала тұра, балалардың зейіні сабаққа төмен болған. Оған бағдарламалардың бірсарындылығы, татаршадан орысшаға, орысшадан татаршаға аударылған түсініксіз тәржіма, мұғалімдердің тәжірибесіздігі де әсер еткен.
Олар елге кең көлемде тарай алмады. Халықты тілі, ділі, дінінен ажырататын бағыт ұстанған білім мекемелері жұмысына ел ішінен наразылық туындады. Бұл жұмыстың басында қазақтан шыққан ағартушы-ғалым Ыбырай Алтынсарин тұр. 1857 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті үздік бітіріп шыққан Ы.Алтынсарин 1860 жылы сол қаладағы облыстық басқару мекемесінде тілмәштық қызмет атқара жүріп, қазақ балалар үшін ұлттық ұстанымдағы оқу орнын ашу туралы тілегін бірнеше рет басшылық тарапқа ұсынады. Арада бір жыл өткен соң қазақ балаларын оқытатын бастауыш мектеп ашуға рұқсат алады. Алтынсарин армандаған мектептер 1864 жылы Торғайда, 1865 жылдың басында Қазалы уезінде, көп ұзамай Ырғыз бен Тройцк жерінде ашылады. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер даярлайтын мектептің ісін бастауына да ағартушы-ғалымның қосқан үлесі орасан болады.
Жаңа білім нысандары: екі жыл оқытатын ауылдық мектептер, төрт жыл оқытатын бір сыныптық мектеп, алты жыл оқытатын екі сыныптық училище болып бөлінді.
Ерекшеліктері – пәндерінің ана тілінде оқытылуы, халық ауыз әдебиетінің тәрбие құралы ретінде мейлінше қолдынылуы басты назарда ұсталды. Әдістемеде автордың төл шығармаларынан бөлек Л.Толстой, К.Ушинский көзқарастары негізге алынды.
Орынбор шекара комиссиясының орыс-қазақ 7 жылдық мектебінде Ыбыраймен бірге білім алған Момын Байдосов 1864 жылыдың 1 қарашасында Орынбор генерал-губернаторынан «Қазақ мектебінің мұғалімі және басқарушысы» деген бұйрық алып, Қазалыдағы қызметіне кіріседі.
Қазалы қаласындағы бұл ер балалар мектебіне тек қазақ балалары ғана алынады. Олар хат жазу, кітап оқу, тарих, табиғаттану, сурет пәндерін меңгереді. Алғаш 25 балаға есік ашқан шаңырақтан Сердалы Бекшориннің ұлы, қазақ сурет өнерінің қайталанбас тұлғасы Үсен де білім алады. Көзі ашық, көкірегі ояу ұлт жанашыры, қадірлі би мектепке өз баласын беріп қана қоймай, өзгелерді де тартуға ықпалын тигізеді.
Бұл кезеңде Ресейден Қазалыға қоныс аударушылар көптеп келеді. Жаңа қоныстанушылар қатарындағы өзге ұлт өкілдерін патша өкіметі мектепке кіргізе бастайды. Орын алған саясатқа қарсы шыққан би Сердалы Бекшорин өз наразылығы ретінде баласын шығарып алады.
Өзбек КСР-нің Орталық тарих архивіндегі жазбаларда мынандай жолдар кездеседі.
«Мектеп жұмысы бірден тіктеліп кете алмаған. Тұрақты мектеп үйін белгілеудегі қиындықтар, байлардың балаларын бұл мектепке бермеуі, діннің ықпалында болған халықтың тұрмыстық жағдайының өте ауырлығы, оқыған балалардың денсаулығына көңіл бөлінбеуі, оның жұмысының алға басуына кедергі жасады».
Момын Байдосов кездескен кедіргідерге қарамастан, 1877 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жауапты жұмыс атқарған.
Уақыт жалғасып, тарих алмасып, ауданда ағарту саласы түрлі бағытта дамыды. Алайда солақай саясатқа сойыл сілтеп, сәулелі ойға шырақ берген бұл білім ошағы Қазалыдағы ғана емес, бүкіл уездегі ағарту саласындағы нәтижелі жұмыс істеген тұңғыштың бірі болғандықтан өлке тарихындағы орны айрықша.

Дайындаған
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА