13 өңірде аптап ыстық: Бүгін ауа температурасы жоғары болады
Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

2025 жылғы 23 шілде, сәрсенбі күні Қазақстанда аптап ыстық, найзағайлы жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша:
Батыс, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады – найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстікте күндіз бұршақ күтіледі. Елдің басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Жел күшейіп, батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарда шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.
Күндіз аптап ыстық болатын өңірлер:
- Маңғыстау облысы – +38…+40°C;
- Батыс Қазақстан облысы – +35…+36°C;
- Атырау облысы – +35…+39°C;
- Жетісу облысы – +35…+37°C;
- Алматы облысы – +35…+39°C;
- Жамбыл облысы – +35…+39°C;
- Түркістан облысы – +40…+42°C;
- Қызылорда облысы – +40…+42°C;
- Ұлытау облысы – +35…+38°C;
- Қостанай облысының оңтүстігі – +35°C;
- Ақтөбе облысы – +35°C.
Өте қатты ыстық болжанып отырған өңірлер:
- Алматы облысының батысы мен солтүстігі – +42°C дейін;
- Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы – +40°C дейін.
Жоғары өрт қаупі:
- ШҚО, Абай облысы;
- Қостанай облысының батысы мен шығысы;
- Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысы;
- Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығы;
- Атырау облысының батысы;
- Ақтөбе облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысы;
- Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысы;
- Павлодар облысының батысы, оңтүстігі және шығысы.
Төтенше өрт қаупі:
- Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары;
- Жетісу, Ұлытау, Жамбыл облыстары;
- Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысы;
- Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі және шығысы;
- Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігі;
- Батыс Қазақстан облысының орталығы мен шығысы;
- Қостанай облысының оңтүстігі;
- Абай облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысы.