Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік Қазақстанда қайырымдылыққа үйрететін мектеп ашпақ

Министрлік Қазақстанда қайырымдылыққа үйрететін мектеп ашпақ

Фото: Ru.freepik.com
Қазақстандықтардың қайырымдылыққа деп берген қаражатына қиянат жасап жатқан қорлар аз емес. Сол себепті ғылым және жоғары білім министрлігі әлеуметтің сенімін қалай серпілту мақсатында жаңа мектептер ашпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осыдан бір ай бұрын мемлекет басшысы "эндаумент-қорлары" туралы заңға қолға қойған еді. Жаңа құжатқа сәйкес, халыққа қайырымдылық негіздерін үйрету басталады. Яғни, филантропия мектебі ашылады.

“Қазір мына біздің қорларға, яғни үкіметтік емес ұйымдарға қарасақ, олардың тіпті сайттары да жоқ. Олар кім екенін де білмейміз. Олар өздерінің жұмыстарын баяндап, есеп жасап тұру қажет. Соның бәр білім мен ақпараттың жоқытығынан деп ойлаймын. Соның бәрін осындай мектепте үйрету керек. Ол үшін арнайы мектепте ашу да дұрыс немесе пән болып мектепте немесе универде оқытса енгізу қажет деп ойлаймын”, дейді өоғам белсендісі Бекнұр Қисықов.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың айтуынша елімізде жалпы құны 50 миллиард теңгеге тең 5 жоғары оқу орнында пилоттық эндаумент-қорларын құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ ол қорлардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мамандар даярлау қажет. Осы мақсатта АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанда филантропия мектебін ашу көзделген.

“Заңды әзірлеу кезінде эндаумент-қорлардың үздік тәжірибесі бар елдер негізге алынды. Ең сәттісі ретінде – АҚШ үлгісі алынды. Жеке заңның әзірленуі екі түрлі себепке байланысты. Бір жағынан қайырымдылық, екінші жағынан инвестициялық қызметті біріктіріп, оны бір заң аясында реттеу қажет болды”, – деді вице-министр Гүлзат Көбенова.

Осылайша, бұл заң жобасы, әсіресе, алаяқтыққа байланысты резонансты істер аясында өзекті. Себебі бүгінде алаяқтар азаматтар арасында қайырымдылықтың беделіне зор нұқсан келтіріп отыр. Айта кету керек, енді барлық қорлар өз есептерін ашық түрде жариялауға сондай-ақ жыл сайын тәуелсіз аудиттік тексерістен өтуге міндеттеледі.
23 шілде 2025 ж. 276 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 85

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031