Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа ереже: кәсіпкерлер енді жағажайларды қоршай алмайды

Жаңа ереже: кәсіпкерлер енді жағажайларды қоршай алмайды

Жауапты министрлік кәсіпкерлерге ескертті
Жаңа ереже: кәсіпкерлер енді жағажайларды қоршай алмайды
Фото: istockphoto.com
Қазақстан азаматтарының өзен-көлдерге кедергісіз түсуіне ешкім шектеу қоя алмайды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі бекіткен жалпы су пайдаланудың үлгілік ережесінде айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Су кодексіндегі жаңа талап: суға қолжетімділік шектелмейді

Жаңадан қабылданған Су кодексіне сәйкес, жеке және заңды тұлғалар азаматтардың су айдындарына еркін кіру құқығын шектей алмайды.
«Егер заңмен тікелей көзделмесе, қоршау орнату, күзет қою немесе басқа да шектеулер қоюға тыйым салынады. Осы норманың орындалуын қамтамасыз ету үшін министрлік жалпы су пайдаланудың типтік ережелерін бекітті», – делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы және арнайы су пайдалану: айырмашылығы неде?

Жалпы су пайдалану – бұл рұқсатты қажет етпейтін қызмет. Ережеге сәйкес, азаматтар:
  • су қоймалары мен өзендердің жағасына еркін бара алады;
  • демалуға, шомылуға, балық аулауға;
  • жайылымдық жерлерде мал суаруға құқылы.

Әкімдіктер демалыс аймақтарын белгілеп, халыққа хабарлауы тиіс

Жергілікті әкімдіктер жаппай демалыс орындарын айқындауға және тұрғындарға ол жайында ақпарат беруге міндетті. Сонымен қатар су айдындарын ластауға немесе бүлдіруге тыйым салынады. Атап айтқанда:
  • автокөлік жуу;
  • жанар-жағармай сақтау;
  • тұрмыстық қоқыс тастау және т.б. әрекеттер.

Министр: Қоршауға тек арнайы жағажайларда ғана рұқсат беріледі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша:
«Әр азамат кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ мақсаттарда су айдындарын жалпы пайдалануға құқылы. Қоршау орнатуға болмайды. Тек әкімдік ресми белгілеген жағажайларда ғана белгілі бір қызметтерге ақы алынуы мүмкін. Алайда ақы тек қызмет үшін ғана алынады, суға өту үшін емес», – дейді.



24 шілде 2025 ж. 173 0

Айбары биік ата заң

25 шілде 2025 ж. 198

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031