Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Түркиямен визасыз режимді ұзартады

Қазақстан Түркиямен визасыз режимді ұзартады

Фото: istockphoto.com
Қазақстан Түркиямен визасыз режимді ұзартуды жоспарлап отыр. Үкімет қаулысының тиісті жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанға келетін иммигранттардың елге кіру және болу ережелеріне өзгерістер енгізу көзделіп отыр.
Жаңа ережелерге сәйкес, Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін бола алады. Қазіргі қолданыстағы шектеу – 30 күн.
«Жобаны қабылдаудың мақсаты – Түркиямен тығыз ынтымақтастықты дамыту, Қазақстанда қолайлы инвестициялық және туристік ахуал қалыптастыру, сондай-ақ экономикалық дипломатияны жандандыру», – делінген қаулы жобасында.
Сонымен қатар, жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейтіні көрсетілген.


24 шілде 2025 ж. 266 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930