24 шілдедегі ауа райы: 43° қатты ыстыққа байланысты синоптиктер ескерту жасады

AP Photo/Cecilia Fabiano/LaPresse via AP
Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 24 шілде күні Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райы күрт құбылады. Кей аймақтарда ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілсе, кей жерлерде шаңды дауыл мен найзағай күтіледі.
«Қазгидромет» РМК еліміздің облыстарына дабылды ескерту жариялады. Алматы облысында 24 шілдеде таулы аудандарда найзағай күтіледі. Мамандар тұрғындарды абай болуға шақырып отыр.
Қызылорда облысында қатты ыстық, шаңды дауыл және найзағай болжанып отыр. Облыстың батысында желдің екпіні 20 м/с-қа жетуі мүмкін. Күндіз 40-43° қатты ыстық күтіледі. Аймақта төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында 24 шілдеде 40-42° қатты ыстық болжануда. Тау асуларында жел күшейіп, 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Облыста және Шымкент пен Түркістан қалаларында өрт қаупі өте жоғары деңгейде.
Батыс Қазақстан облысында солтүстік аудандарда бұршақ, дауыл және қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз де, түнде де найзағай күтіледі. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Маңғыстау облысында найзағай мен шаңды дауыл болады. Жел солтүстіктен соғып, кей жерлерде 20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.
Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады. Астана қаласында және Ақмола облысында найзағай мен екпінді жел күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Өрт қаупі жоғары болып қала береді. Ақтөбе облысында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал. Жел екпіні кей жерде 23 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстікте 35° ыстық болады, өрт қаупі жоғары.
Атырау облысында найзағай, бұршақ және қатты жел болжанып отыр. Күндіз 37° ыстық, ал облыстың бірқатар аудандарында өрт қаупі өте жоғары.
Қарағанды облысында 24 шілдеде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, 20 м/с-қа дейін жетеді. 35° ыстық күтіледі. Бірнеше ауданда өрт қаупі төтенше деңгейде.
Ұлытау облысында жел оңтүстік-батыстан соғады. Күндіз 35-39° қатты ыстық. Жезқазғанда 37-39° ыстық күтіліп отыр. Өрт қаупі өте жоғары. Абай облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қаласында да өртке байланысты ескерту күшінде. Шығыс Қазақстан облысында да жағдай күрделі. Өрт қаупі жоғары, Өскеменде екінші дәрежелі ҚМЖ (қолайсыз метеожағдай) жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ болуы мүмкін. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Петропавлда да найзағай күтіледі. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай болады.
Таразда 38° ыстық күтіледі. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін барады. Өрт қаупі жоғары.
Павлодар облысында найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Өрт қаупі жоғары деңгейде. Қостанай облысында найзағай, қатты жел және 35° ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қостанайда найзағай болады. Жетісу облысында 24 шілдеде жел күшейіп, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.