Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытты балалықтың ордасы

Бақытты балалықтың ордасы

Қазалы қаласындағы №1 «Ақерке» бөбекжай-балабақшасы 10 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл күнді асыға күткен балабақша ұжымы ерекше дайындықпен «Балабақшам – бақытты балалықтың ордасы» атты ертеңгілік ұйымдастырды. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов қатысып, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерге жылы лебізін білдірді.

Бүлдіршіндерге он жыл бұрын есігін ашқан екі қабатты, жаңа типті жобада салынған балабақша 90 орынға арналған. Қазір мұнда «Айгөлек», «Балауса», «Балапан», «Балдәурен», «Ақжелкен» топтарында 1 мен 5 жасар алығындағы 90 бала тәрибеленуде. Заман талабына сай балабақша жатын, ойын, киім шешетін, жуынатын бөлме, әжетхана, спорттық және үйірме залдарымен қамтылған. Еден арқылы берілетін жылу жүйесі балғындардың емін-еркін ойнауына тиімді әрі өте қолайлы. Балабақша білікті педагог кадрлармен жасақталған. Олар жыл сайын білімдерін жетілдіреді. Тәрбиеленушілерге оқу қызметтері жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өткізіледі.

Мерейтойға шақырылған қонақтар алдымен әсем безендірілген балабақша ауласын аралады. Бұдан соң мекемеге бас сұққан көпшілікке бүлдіршіндер өлең жолдарын арнап, сәлемдесті. Келушілер М.Монтессорий кабинетіндегі жұмыстармен танысып, қабырғаға ілінген балабақша мақтаныштары мен жеңіске жеткен сәттерден фотосуреттер тамашалады. Түрлі тақырыпта дайындалған көрмелер мен балабақша туралы слайд, видеоролик көрермен назарына ұсынылды. «Балдәурен», «Ақжелкен» топтарында өткен оқу қызметіне қатысып, музыка залына жайғасты. Бұндағы мерекелік концерт шымылдығы көрініспен ашылды. Абай Құнанбаевтың бейнесі сомдалып, 19-шы қара сөзі оқылды. Балғындар «Көзімнің қарасы» әнін айтты. Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» балалар шығармашылығы байқауында көркөмсөз оқудан және республикалық «Дарабоз» өнер сайысында вокал жанры бойынша бірінші орын иегері, балабақша тәрбиеленушісі Назқоңыр Қанжарбекова «Сырда туған баламын» әнін шырқады. Қонақтар ақ тілегін арнап, сый-сияпаттарын табыстады. Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Роман бірқатар тәрбиешіге Алғыс хат тапсырып, мереке мерейін үстем етті. Бұл күні балабақша түлектері де тойдың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Қазіргі таңда М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің оқушысы, балабақша түлегі Ақнұр Кетебай жүрекжарды жырын оқыды. Республикалық «Тәуелсіз Қазақстан – менің елім» атты ән байқауының бірінші орын иегері, балабақша түлегі Назерке Салдатбек «Көкке өрле» әнін әуелеге шырқаса, республикалық «Қазақстан талаттары» рухани патриоттық байқауында «Аспапта орындаушылық» өнері номинациясы бойынша екінші дәрежелі лаурет атанған Ислам Үсен «Қосалқа» күйін тартты. Аудандық, облыстық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы, халықаралық «Ертегі әлемі» сурет сайысының жүлдегерлері балабақшаның 2015 жылғы түлектері Жасұлан және Асылжан Романовтар «Рэйхон», Ернар мен Құралай «Мереке» әнін орындады. Балабақша бүлдіршіні Абылайхан Ерпайыз «Мен қазақпын», «Ақжелең» ересек топ бүлдіршіндері Әмина Мәлік пен Айшабибі Мырзабек «Беу, айдай» әнін, бір топ бүлдіршіндер «Черлидер», «Детство» биін биледі.

Батагөй қария Ермекбай Жұбаниязов бата беріп, балабақша меңгершісі Рабиға Көптілеуқызы қуанышқа ортақтаса келген әріптестеріне, ата-аналарға және барлық қонақтарға: «Баршамыздың ортақ міндетіміз саналы да білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Міне, осы мақсатқа сай аянбай еңбек етіп, өз үлесімізді қосуға біркісідей атсалысамыз. Бізді құттықтап, қолдап келіп, балалардың өнерін тамашалағандарыңызға рахмет. Он жылда жеткен жетістіктеріміз аз емес, әлі талай биік белестерді бағындырар бүлдіршіндер дайындауға күш сала береміз» – деп алғысын білдірді.
Шара шымылдығы балабақша ұжымының орындауындағы «Бізге бүгін – 10 жыл» әнімен жабылды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
14 желтоқсан 2019 ж. 2 879 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930