Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтың тілі – азаттық үні

Қазақтың тілі – азаттық үні

Аудандық кенттік клуб төрінде “Қазақ тілі” қоғамы мен Қ.Сәтпаев атындағы №216 орта мектептің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған “Тәуелсіздік-тұғырым” атты мерекелік кеш өтті.

Шарада алғаш болып сөз алған Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әліби Әбиев: «Тәуелсіздіктің таңы атып, мәңгілік ел болуға бағыт алғанымызға да біршама уақыт болды. Осы орайда қиын-қыстау заманнан елді аман-есен өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі орасан екені анық. Қайсыбір ұлттың діңгегі төл дәстүрі мен ана тілі. Қаймағы бұзылмаған қазақ тіліне қасірет шектірмей, қатарға қосу қазіргі буынның мойнындағы басты парызы. Осы міндетті сезініп, ана тілін ақсатпау үшін тер төгіп жүрген тіл жанашырларына рахмет!»,– деген пікірін ортаға салды.

Мұнан соң марапатқа кезек берілді. №182 орта мектептің директоры Жетібай Таңмамбет II дәрежелі “Қазақ тілі” медалімен марапатталды. “Абай аманаты” төсбелгісіне аудандық байланыс пошта торабының бастауыш ұйым төрайымы Әлияш Шманова, “Евразия-пресс” поштасының бастауыш ұйым төрайымы Гүлсім Аймағамбетова ие болды.

Аудан әкімінің Алғыс хаты Гүлзинат Балқожаева, Алтынай Ысқақова, Гауһар Жарылқасын, Зульфия Оралова, Гүлдана Оразымбетова сынды бірқатар мұғалімге табысталды.
“Тұрақты оқырман” номинациясымен Қымбат Сермахан, Рабиға Орынбаева марапатталды.

Өз сөзінде “Қазақ тілі” қоғамы аудандық бөлімшесінің төрағасы Айберген Тамашев:
– Тәуелсіздік мерекесі баршаңызға құтты болсын! Осы ұлы қуаныштың қарсаңында бізде аудан көлемінде ана тіліне аса қамқорлықпен қарап, қастерлеп жүрген азаматтардың еңбегін ескеріп, өнегелі ісін үлгі етер кеш жасауды ұйғардық. Мәңгілік ел болуды мұрат еткен ұлт ана тілінен айырылмасын, – деген ойын жеткізді.

Мұнан соң Жақсыгүл Түрікпенәлі, Дәметкен Сұлтанова, Темірхан Ізтілеуов республикалық “Қазақ тілі” қоғамының “Құрмет грамотасымен” марапатталды.

Облыстық “Қазақ тілі” қоғамының Алғыс хатына Айша Қалауова, Сағыныш Өтеулиева, Жандәулет Тілеулесов, Күлмарияш Жұмағали, Жанат Жүсіпова ие болды.

Кеш барысында әуезді ән шырқалып, тәуелсіздікті ұлықтаған композиция қойылды.
Жиналған жұрт қазақ тілінің қадірін арттырған шарадан көңілді тарқасты.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
10 желтоқсан 2019 ж. 1 673 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930