Өлтіріп жіберуі мүмкін: Аспириннің балаларға аса қауіпті екені айтылды
12 жасқа толмаған балалар ауырған кезде оларға аспирин дәрісін беруге болмайды. Дәрігерлер осылай дабыл қағуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресей дәрігерлерінің айтуынша, ацетилсалицил қышқылы мен вирусты инфекцияның араласуы нәтижесінде балалардың ағзасында Рей синдромы қалыптасуы мүмкін. Бұл ауру баланың бауырын зақымдайды екен. Жас бала мұндай ауруға шалдығады деп ешкім ойламаса керек, сол себепті дәрігерлер алғашында бауырды тексеруге мән бермейді. Ал, бұл синдром жеткіншектің өміріне аса қауіпті, тіпті өлімге де әкеп соғуы әбден мүмкін.
Бұған қоса, аспирин мастықты қайтарады деген аңыз жоққа шығарылды. Мамандардың сөзінше, бұл преперат, керісінше, ағзаның улануын одан сайын күшейтіп жібереді.
Былтыр қараша айында Ұлыбританиядағы Лид университетінің зерттеушілері аспирин мен эйкозапентаен қышқылы (ЕРА) ішек обыры қалыптасуы мүмкін деген емделушілердің ағзасында дертке алып келетін жасушаларды азайтуға көместеседі деп мәлімдеген болатын. Зерттеушілер Англияның 53 аурханасынан 700 адамды іріктеп алып, оларға тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде, еріктілердің денесіндегі обыр жасушалары аспирин қабылдаған болса жиырма екі пайызға, ЕРА қабылдаса тоғыз пайызға дейін төмендеген.